Аймақтанушылар еріктілер ретінде тәжірибе жинауда

Almaty Investment Forum 2019-бұл әлемдегі табысты инвесторлармен кездесудің бірегей мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар Алматыда іске асырылып жатқан стартаптар мен инновациялық жобаларға арналған алаң. Аталған форумның басты міндеті бизнесті дамытуды ынталандыру, шетелдік инвесторларды тарту және жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Волонтеры Регионоведы

Біздің «Аймақтану» мамандығының 2-курс студенттері Бекболатов Ерназ бен Абылайхан Далия онда еріктілер ретінде қатысып, өте жақсы тәжірибе жинады. Өйткені Форум өз алаңында беделді саясаткерлерді, әлемдік және отандық бизнес көшбасшыларды, инвестициялық корпорациялар, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардың басшыларын қоса алғанда, 500-ге жуық жоғары лауазымды қатысушыларды жинайды. Инвестициялық форум көптеген өзекті мәселелерді көтереді, оның негізгі мәселелері: Алматының инвестициялық әлеуеті және ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер, сандық экономиканы дамыту және бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын енгізу бойынша ел алдына қойылған міндеттер аясында инновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

Печать E-mail

универсиада замена