2017 жылдың 15 наурыз күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Экономика және құқық факультеті мен Халықаралық қатынастар факультетінің 3 курс студенттері арасында «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Стратегия -2050: Мәңгілік ел – бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ғылыми жобалар байқауы өтті.
Кәсіби академиялық шет тілдері кафедрасының профессорлары мен оқытушыларының ұыймдастырумен өткізілген байқаудың мақсаты – студенттер бойында азаматтық-патриоттық тәрбиені қалыптастыру және жас ұрпақ бойында жоғары патриоттық сезім ұялату арқылы патриот жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Бұл шара Университетіміздің құрылғанына 75-жылдық мерейтойын атап өту және келе жатқан көктем мерекесі – Наурызды тойлауға бағытталды.
Аталған іс-шараға халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Жабина Ж.Р., әлеуметтік ғылымдар кандидаты Әйтімбет Л.І. қатысты.