Қытай тіліндегі ономастикалық атауларды жаңа ұлттық қазақ латын жазуында таңбалаудың лингвистикалық негіздері

    Негізгі ақпарат

    Жоба атауы

    Қытай тіліндегі ономастикалық атауларды жаңа ұлттық қазақ латын жазуында таңбалаудың лингвистикалық негіздері

    ИРН

    AP09562073

     

    Мемлекеттік тіркеу нөмірі

    0121РК00508

    Іске асырудың басталу күні

    03.05.2021

    Іске асырудың аяқталу күні

    31.12.2021

    Тапсырыс беруші

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Жоба жетекшісі

    Калибекулы Толкын, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

    Орындалған жұмыстың сипаттамасы

    Зерттеудің мақсаты

    Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру қарсаңында қазақ тілі мен қытай тілінің дыбыстық жүйелерін салғастыра отырып, қытай тіліндегі ономастикалық атауларды латын негізді қазақ жазуында таңбалаудың лингвистикалық негіздерін айқындап, қытай тіліндегі ономастикалық атаулардың қазақ тілінде дыбысталуы мен жазылуының бірізді ғылыми жүйесін жасау.

    Зерттеу нысандары

    Қытай тіліндегі ономастикалық атауларды жаңа ұлттық қазақ латын жазуында таңбалау

    Қолдану аймақтары

    Тіл білімі, лексикология, фонология

    Зерттеу нәтижелері

    2021 жылдың зерттеу нәтижесі: - қытай тілі дыбыстарына сәйкес келетін қазақ тілі дыбыстары кесте арқылы көрсетілді; - қытай тіліндегі дыбыстар мен дыбыс тіркестерін қазақ кирилл графикасында транскрипциялаудың кесте жобасы түзілді; - қытай тілінің төл дыбыстарын j, q, sh, c, х, ch, zh қазақ тіліндегі дыбыстарға алмастырып жазу сөздердің мағыналық өзгеріске ұшырауына әкелетіндігі тілдік деректермен дәлелденді; - «Қазіргі қытай тілінің фонетикасы» атты оқу құралы жазылып, оқу процесіне енгізілді. Зерттеудің жаңалығы: қытай тіліндегі ономастикалық атауларды латын графикасына негізделген қазақ жазуымен таңбалауда туындайтын бірқатар мәселелер қарастырылды. Қытай иероглифтерінің дыбысталуын таңбалау тарихы, оның ішінде қытай тілінің латын графикасы негізіндегі дыбыстаңбасы туралы еңбектер талданды. Қытай тіліндегі ономастикалық атауларды латын негізді таңбалар арқылы транслитерациялау барысында туындайтын мәселелер ханзу ұлтының кісі есімдері мен қытайша жер-су атауларын талдау негізінде анықталды. Қытай тіліндегі дыбыстардың ерекшелігі қазақ тіліндегі дыбыстармен салғастырыла отырып, қытай тіліндегі кісі есімдері мен жер-су атауларын латыннегізді қазақ әліпбиінің жетілдірілген нұсқасындағы таңбалармен беру кезінде туындайтын өзекті мәселелердің лингвистикалық негіздері анықталады. Қытай тіліндегі ономостикалық атаулар, оның ішінде антропонимдер мен топонимдерді латын негізді қазақ әліпбиіндегі таңбалармен беру, транслитерациялау жолдары ұсынылды.

    Қытай тіліндегі ономастикалық атауларды латын графикасына негізделген қазақ жазуымен таңбалауда туындайтын бірқатар мәселелер қарастырылды. Қытай иероглифтерінің дыбысталуын таңбалау тарихы, оның ішінде қытай тілінің латын графикасы негізіндегі дыбыстаңбасы туралы еңбектер талданды. Қытай тіліндегі ономастикалық атауларды латын негізді таңбалар арқылы транслитерациялау барысында туындайтын мәселелер ханзу ұлтының кісі есімдері мен қытайша жер-су атауларын талдау негізінде анықталды. Қытай тіліндегі дыбыстардың ерекшелігі қазақ тіліндегі дыбыстармен салғастырыла отырып, қытай тіліндегі кісі есімдері мен жер-су атауларын латыннегізді қазақ әліпбиінің жетілдірілген нұсқасындағы таңбалармен беру кезінде туындайтын өзекті мәселелердің лингвистикалық негіздері анықталады. Қытай тіліндегі ономостикалық атаулар, оның ішінде антропонимдер мен топонимдерді латын негізді қазақ әліпбиіндегі таңбалармен беру, транслитерациялау жолдары ұсынылды.

    Печать E-mail

    универсиада замена