14-наурыз күні ҚазХҚӘТУ ректоры, академик С.С. Құнанбаеваның қолдауымен, Қазақ филологиясы кафедрасы Мемлекеттік тілді дамыту орталығының ұйымдастыруымен А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай және белгілі ұстаз, әдіскер-ғалым Ғ.Ж.Тұңғатованың 60 жылдық мерейтойына арналған «Тілді оқытудың заманауи әдістері» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Ғалия Жолдыбайқызы Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ-де білім алып, осы университетте мемлекеттік тілді дамыту бағытында 40 жыл бойы еңбек еткен тұлғалы ұстаз. Осы еңбегін ескерген ректордың арнайы құрмет грамотасын университетіміздің Ғылыми және инновациялық істері жөніндегі проректоры, э.ғ.д., профессор М. У. Успанова табыстады. Сонымен қатар ұстаздың университетке сіңірген еңбегі мен елеулі үлесі жайында әсерлі баяндап берді.