Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжӘТУ қазақ филологиясы кафедрасы жаңа оқу жылын табысты жетістіктермен бастады! Университет кітапханасы жаңа оқу құралдарымен молықты.
Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжӘТУ қазақ филологиясы кафедрасы жаңа оқу жылын табысты жетістіктермен бастады! Университет кітапханасы жаңа оқу құралдарымен молықты.
2023 жылдың 12 мамырында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Қытай көпірі 2023» Дүниежүзілік қытай тілі байқауының республикалық кезеңінің финалы өтті. Қытайдың тілі мен мәдениетін танудан Астана, Алматы, Ақтөбе және Қарағанды қалаларынан 26 адам бақ сынады.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 27-28 сәуірде Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция барысында шет елдік және отандық ғалымдар, ЖОО оқытушылары мен докторантары, магистранттар өз жұмыстарын көрсетті.
28.04.2023 күні ТиПМКК кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен, Шетел тілдері педагогикалық факультетінің 3-ші курс студенттері арасында “Spelling Bee” атты оқу-танымдық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты ағылшын тілінде ұсынылған сөздер мен терминдердің дұрыс дыбысталуы мен айтылуын қадағалау және дамыту.
27.04.2023ж Университетіміздің студенттік «Мұрагерлер» поэзия және театр клубының ұйымдастыруымен «Абылай хан ақыны» атты ақындар сайысы өтті.
2023 жылдың 17 – 20 cәуір аралығында, «БҰҰ-дағы қытай тілі күніне» орай Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің Шығыстану факультеті мен Конфуций институты бірлесіп, аударма ісі, шетел филологиясы және шығыстану білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 1 – 3 курс студенттері арасында төмендегі жарыстар өткізілді:
1) Қытай тілінде жаңылтпаш айту сайысы
2) Мақал-мәтелдер сайысы
3) Қытайтілінде шығарма жазу және көркем мәтін аудару сайысы
2023 жылдың 17 сәуірінде АҚШ-тың Power + Systems американдық компаниясы әзірлеген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінде «When cultures meet» атты тренинг өтті.
Тренингті сертификатталған тренерлер Қазақ-Американдық Еркін университетінің (Өскемен) доценті, PhD докторы Д.Вудворд, IT университетінің профессоры, PhD доктор Г.Ешенкулова (Астана), доктор Рональд Вилли (Power +Systems), Қазақстан-Американдық Еркін университетінің профессоры, Дженни Вилли (Power+Systems), Анна Снайдер (Power+Systems) жүргізді.
2023 жылғы 13-14 сәуірде Алматы технологиялық университетінде (АТУ) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында В093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі БББ тобы бойынша XV Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі аяқталды. Олимпиадаға ҚР жоғары оқу орындарының 13 командасы құрамында 72 студент қатысты.
ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған іс-шараны өткізу, кәсіптік және білім беру мақсаттары үшін ағылшын тілін меңгерудің қажетті дағдыларын игеру, оқушылардың ағылшын тілі мен мәдениетін одан әрі оқуға деген ынтасын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау бөлігінде білім алушылардың маңызды білім жетістіктерін анықтау мақсатында 14.04.2023 жылы Шет тілдері педагогикалық факультетінің Шет тілінде білім беру әдістемесі кафедрасы ағылшын тілі пәнінен оқушылар арасында олимпиада өткізеді.
Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының оқытушылары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінін (ҚазХҚжӘТУ) орыс бөлімінің бірінші курс студенттерін Орыс тілі пәні бойынша екінші Халықаралық Г. Р. Державин атындағы олимпиадасына дайындады. Олимпиаданың ұйымдастырушылары Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігінің федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны «Г. Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университеті» және Самарқанд экономика және сервис институты (Өзбекстан Республикасы) болды.
Шеттілдік кәсіби даярлау кафедрасының аға оқытушысы Жусупбеков Абай Алихановичтің ұйымдастыруымен өткен танымдық кеш 1 курс магистранттарын ғылыми жұмысқа баулып, университеттің ардагер ұстаздарымен таныстыруға бағытталған тамаша бастама болды.
Шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттері 2023 ж. 6-7 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен дәстүрлі «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясында – VIII Халықаралық Фараби оқуларында ғылыми баяндамалар жасап жүлдегер атанды.
2023 жылдың 5-6 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де офлайн формат бойынша кезекті «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға факультетіміздің «Шығыстану» білім беру бағдарламасынан 2-4 курс студенттері Байдаулетова А., Тұрарова А.Т., Ердосбаева Б.О., Абылкасымова А.Б., Пелевина К.В., Муратова М.Е., Қапан Н.С., Халел А.С., Кәдір С.Н., Ибраимова Н.Д., Ким А.Д. қатысты.
Сүйінші!!!!Француз тілінің роман бағытындағы Аударма және филология факультет 1 және 2 курс студенттерінің 5-і AMICIF бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті. Бұл тағылымдаманың мақсаты-18-25 жас аралығындағы франкофондар үшін француз тілі мен мәдениетін тарату, сондай-ақ мәдениетаралық диалогты дамыту. Тағылымдамадан өту орны Франция (қалалар мен аймақтар)
31 Наурызда UN Plaza-да биылғы алғашқы Kazumo MUN конференциясы өткізілді. Құрметті қонақтардың қатарында Властимил Самек (БҰҰ-ның Алматыдағы Жаһандық Коммуникациялар Департаментінің Өкілі) және Чад Киннир (Америка Құрама Штаттарының Бас Консулдығының Қоғаммен Байланыс Жөніндегі Көмекшісі) болды.
2023 жылдың 1 ақпанынан бастап «Eurasia Foundation»жапондық қорының демеушілігімен «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ» АҚ халықаралық қатынастар факультетінде «Migration processes in the modern world, United Asian Community» курсы апта сайын өткізілуде. Белгілі болғандай, 3 жыл бойы ҚазХҚжәнеӘТУ-де «Біріккен Азия – Бір Әлем» ғылыми жобасының жетекшісі профессор З.С. Айдарбеков болып табылады, ал жобаның үйлестірушісі Қазақстанның жаңа тарихы және дүниетану пәндері кафедрасының доценті В.Х. Хайруллаева.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының доценті Абжанова Т.А. "Жас журналист"студенттік үйірмесін құрды.
Студенттер мен қонақтарды түрік халқының мәдениеті, салт-дәстүрі және әдет-ғұрпымен таныстыру мақсатында, 17 наурызда шығыстану факультетінде шығыс филологиясы кафедрасы түрік тілі бөлімінің 1 - 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Türk Merasimleri" атты кеш өтті.
16 наурызда Әл –Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Шығыстану факультеті Түріксой кафедрасының ұйымдастыруымен түрік тілінде мәнерлеп өлең оқудан жарыс болды. Бұл жарысқа Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының 34 студенті қатысты.
"Менеджмент" пәні бойынша Халықаралық студенттік пәндік олимпиадаға 13 команда, Қазақстанның әртүрлі қалаларынан және шет елдерден 39 студент қатысты. Командалардың қатысушылары мен ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді, ал келесі командаларға дипломдар мен мақтау қағазы берілді: