Ablai Khan Unviersity-ге Нидерланды мемлекетінің Inholland Unviersity of Applied Sciences делегациясы келді! Бұл біздің университеттер арасындағы ұзақ мерзімді жемісті серіктестікті ескере отырып, біздің білім беру қауымдастығы үшін маңызды оқиға. Біздің көптеген студенттеріміз Эразмус + бағдарламасының арқасында оқу және мәдени алмасу мүмкіндігін пайдаланғанын қуана атап өтеміз.
Апр 29, 2024
«Oriental fest 2024» - фестивалі «Шығыстану» факультетіне болашақ талапкерлерді тартуға бағытталған мәдени іс-шара болып табылады. Фестиваль жыл сайын Шығыстану факультеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы Корей Орталығы мен Конфуций институтының қолдауымен өткізіледі. Биыл Қазақстанның Батыс аймағындағы су тасқынына байланысты іс-шара тек факультет деңгейінде өткізілді. Іс-шараның мақсаты Шығыс елдерінің ұлттық өнерін байыту, түрлі этностардың қызығушылықтарын қалыптастыру болды.
Апр 29, 2024
2024 жылдың 25 сәуірінде “Қоғаммен байланыс” мамандығының студенттерімен, 24kz_tv және avtoradio.kz теле жүргізушісі Оразов Диас “журналистика мен пиарлың арақатынасы ” атты тақырыбында мастер класс өтті.
Апр 25, 2024
Ұлыс Жошының 800 жылдығын мерекелеу аясында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Дала империяларының тарихы: оқиғалар мен тұлғалар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Апр 25, 2024
25.94.2024 Аударма және Шетел филологиясы факультеті, Шетел филологиясы мамандығы студенттерімен белгілі режиссер Азиз Заировтың "Мама, мен тірімін!" әлеуметтік фильмінің ашық кинокөрсетілімі өтті. Бүкіл аудитория қызығушылығы артқан студенттер мен оқытушыларға толы болды. Ал ауада шиеленіс пен оқиғаны күту сезілді.
Апр 25, 2024
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің 2024 жылғы 01 сәуірдегі №14-0/1420-вн хаты негізінде «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университеті» АҚ студенттер арасында студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізу бойынша базалық ЖЖОКБҰ ретінде айқындалды.
Апр 19, 2024
Құрметті оқырмандар, «Ғылым қызметкерлері күніне» арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Апр 19, 2024
Шығыстану Факультетінің шығыс филологиясы кафедрасы Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығымен бірлесіп 2024 жылдың 18 сәуірінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де шығыс тілдерін оқытудың 30 жылдығына орай «Шығыс тілдері: өткені, бүгіні, болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өткізеді.
Апр 15, 2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университеті» АҚ (бұдан әрі – Университет) студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізу бойынша базалық ЖЖОКБҰ ретінде айқындалды.
Осыған байланысты Университет 2024 жылғы 02-03 мамыр аралығында студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиаданы келесі мамандық топтары бойынша өткізу туралы хабарлайды:
Апр 12, 2024
2024 жылғы 11-12 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың X Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 11, 2024
Құрметті әріптестер!
2023 жылы 27 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау (INL) бөлімімен бірлесіп «Есірткісіз болашақ» атты жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Окт 12, 2023
2023 жылдың 16-17 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті "Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері" атты X Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты: Ғылым мен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету.
Сен 22, 2023
2023 жылғы 27-28 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Апр 12, 2023
2023 жылғы 27-28 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 24, 2023