Ұлыс Жошының 800 жылдығын мерекелеу аясында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Дала империяларының тарихы: оқиғалар мен тұлғалар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Ұлыс Жошының 800 жылдығын мерекелеу аясында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Дала империяларының тарихы: оқиғалар мен тұлғалар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
25.94.2024 Аударма және Шетел филологиясы факультеті, Шетел филологиясы мамандығы студенттерімен белгілі режиссер Азиз Заировтың "Мама, мен тірімін!" әлеуметтік фильмінің ашық кинокөрсетілімі өтті. Бүкіл аудитория қызығушылығы артқан студенттер мен оқытушыларға толы болды. Ал ауада шиеленіс пен оқиғаны күту сезілді.
24 сәуір күні Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Н.Т.Жанақованың басқаруымен Шығыстану факультетінің студенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында өткізіліп жатқан ұлы ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған көрмемен танысты. Көрмеге қойылған ғалым өмірі мен қызметіне байланысты мұрағат, құжат, баспасөз, кітап материалдары туралы кітапхананың қорларды сақтау қызметінің жетекшісі Ф.Бектұрбекова, кітапханашылар Р.Мыспаева, Қ.Алтынбекұлы жан-жақты әңгімелеп, экскурсия жүргізді. Одан кейін студенттер кітапхана музейін, Қытай, Иран, Корея, Ресей, Үндістан мәдени орталықтарын, басқа да салалық залдарды, сонымен бірге белгілі жазушылар Ә.Нұршайықов пен Г.Бельгердің кабинеттерін аралап көрді.
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 11.00-де дөңгелек үстел өткізілді.
Тақырыбы: «БІЛІМ БЕРУДЕГІ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ: СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТРЕНДТЕРІ МЕН ҚАТЕРЛЕРІ».
2024 жылдың 23 сәуірінде «Шеттілдік білім беру әдістемесі» кафедрасы Шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттік белсенділерінің қолдауымен мектеп оқушыларына ағылшын тілінен пәндік олимпиада – кәсіби бағдар беру және имидждік іс-шара өткізді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстар бойынша жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілді:
1 Теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының оқытушылары Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы университетінде өткен Республикалық онлайн байқауға студенттерін дайындады. «Есіңде болсын...» байқауы Қазақстанның белгілі аудармашысы, публицист, әдебиеттанушы және қоғам қайраткері Герольд Карлович Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай өткізілді.
2024 жылдың 18 сәуір күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында офлайн форматта өткен кезекті "SCIENCE, CREATIVE & ART FORUM-2024” атты 4 қалалық студенттер форумында Ғылыми жетекшілері, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі қауымдастырылған профессоры Изтаева Венера Амангельдиевна, Қазақстан тарихы кафедрасының магистранты, аға оқытушы Досжанова Ақмарал Ивановнаның жетекшілігімен 2 курс студенттері:
Аударма және филология факультетінің аударма және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы меңгерушісі Саймкулова Шолпан Оразгелдіқызы АҚШ мемлекеттік департаментінің «Study of the U. S. Institute (SUSI) for Scholars» бағдарламасы бойынша грант иегері атанды. Аталмыш грант негізінде Саймкулова Ш.О. АҚШ-тың Монтана университетінде «Contemporary American Literature» бағыты бойынша 6 апталық тағылымдамадан өтеді және оған әлем бойынша 18 ғана үміткер таңдап алынады. «SUSI for Scholars» бағдарламасы шетелдік ғалымдар мен университет оқытушыларына АҚШ қоғамы, мәдениеті, құндылықтары мен институттары туралы түсініктерін тереңдетуге мүмкіндік бермек.
2024 жылдың 17 сәуірінле Абылай хан атындағы Қаз ХҚжәнеӘТУ-дің "Журналистика" және "PR" білім беру бағдарламалары студенттері Jusan Bank-тің PR директоры Гаухар Керимовамен кездесті.
Ablai Khan University қызметкерлері Университет аумағында «Алматы – ортақ үйіміз» акциясын жалғастыруда.💚
🌱Акция мақсаты – қалаға қамқорлық құндылықтарын қалыптастыру және азаматтардың экологиялық мәдениетін дамыту.
Ал біз бұл челленджді жатақханада тұратын студенттерімізге жолдаймыз✨
«ТІЛ. МӘДЕНИЕТ. БАЙЛАНЫС» Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (РФ Челябі қ.) базасында өтті. Өкіл және ғылыми әлемге танымал Форум әртүрлі елдерден бірнеше жүздеген жас ғалымдардың басын қосты.