20 ақпан 2017 ж. Қазақстандағы белгілі қоғам қайраткері, публицист Санжар Керімбаймен Халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс студенттерімен «Логотерапия - өмірге ғашық болу» тақырыбын талқылау мақсатында кездесу болды.
20 ақпан 2017 ж. Қазақстандағы белгілі қоғам қайраткері, публицист Санжар Керімбаймен Халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс студенттерімен «Логотерапия - өмірге ғашық болу» тақырыбын талқылау мақсатында кездесу болды.
Халықаралық қатынастар факультетінде 15-ші Ақпан күні 517-ші аудиторияда халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Молдахмет Бидастың 3-ші курс студенттерімен «Таяу Шығыстағы терроризмнің шығу себептері» атты ашық сабағы өтті. Лекция ағылшын тіліндегі өткізілді.
Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 75-жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында университетіміздің педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен, осы мерейтойға арналып 23.02.2017 ж. дәстүрлі «Мен ұстаз болғаныма мақтанамын» атты психологиялық-педагогикалық олимпиада өткізілді.
20-шы Ақпан күні Халықаралық қатынастар факультетінің Деканы ф.ғ.д. Раев Д.С. мен Аймақтану кафедрасының аға оқытушысы Сарсенов М.Б. жастардың әлеуметтік-саяси мәселерін зерттеудегі қолданбалы формасы ретінде М. Әуезов драма театрының «Күлеміз бе жылаймыз ба?» атты қойылымына барды.
21 ақпан 2017 ж. №1 оқу ғимараты, №211 дәрісханада Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 75 жылдық мерейтойына арналған Қазақстандағы тіл мәселесіне арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар аясында ф.ғ.д., «Аймақтану» кафедрасының профессоры Қадыржанов Р.Қ. «Қазақстандағы үштұғырлығы тіл: мәселелері мен келешегі» тақырыбына баяндама жасады.
2017 жылдың 22 ақпанында біздің университетке Чонбук Ұлттық Университетінен делегация келді. Делегация құрамына проф. Юн Менсук ханым - халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, проф. Ли Минхо мырза – стратегиялық даму жөніндегі проректор, Чо Гванхо мырза - халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы кіреді.
17 ақпан 2017 ж. сағат: 15:40-16:30 аралығында, Бас оқу ғимараты, 504 ауд. «Әлеуметтану және саясаттану негіздері» пәнінің оқытушысы Сарсенов Мақсұт Баймұратович, ф.ғ.д., профессор Раев Даулетбек Садуақасұлы, т.ғ.к., доцент Жұматай Ғабит Бекенұлы, аға оқытушы Ермекбаев Әділбек Алпысбайұлының және «5В050500 – Аймақтану» мамандығының 1 курс, қазақ бөлімі студенттерінің қатысуымен «Мемлекет және азаматтық қоғам» тақырыбында дөңгелек стөл болып өтті.
2017 жылы 31 қаңтар айында Халықаралық құқық кафедрасында «Шетел элементімен күрделенілген еңбек қатынастарын құқықтық реттеу» тақырыбындағы кезекті ғылыми- теориялық семинар өткізілді. Бұл семинар барысында Қазақстан Республикасынының аумағына келген шетелдіктердің еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері қарастырылды.
9 ақпан күні 2017 жылы Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ профессор – оқытушы ұйымы арнайы экономикалық аймағы «Инновациялық технологиялар паркімен» бірігіп Бірлескен ынтымақтастық «Алатау» паркін аралады.
2017 жыл қаңтар айының 20да Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы Австриялық ресурс орталығында Вен университетнің магистрі Иохан Планк «Автстрия тағамдары» атты ашық сабақ өткізді.
Студенттерге арнайы дайындалған фильмдер, австрия елінің мәдениеті мен Автрия Республикасының салт-дістүрі көрсетілді.
2016 жылы 12 желтоқсан айында халықаралық құқық кафедрасы «Кедендік және салықтық басқару мәселелері» тақырыбында кезекті ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарда заң ғылымының докторы, профессор Әлібеков Сайлаубек Тынышбекович өз баяндамасын жасады. Семинарға профессорлық–оқытушылық құрамдары мен магистранттар қатысты.