Бүгінгі таңда Азия елдері турасында қозғалатын өзекті мәселелер – әлемдегі ең өзекті тақырыптардың бірі. Азия елдерінің тарихы, мәдениеті, әлеуметі мен экономикасынан бастап оның болашағына дейін әр үрдістің жер шары үшін алар орны ерекше. Сондықтан қазір жастар санасында тұтас Азия – бір тұтас әлемнің белгісі екенін ашып көрсету мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Солардың қатарындағы ең нәтижелілерінің бірі- биылғы 2021 жылдың ақпан айының 1-жұлдызынан бастап «Eurasia Foundation» фондының қолдауымен 15 аптаға бойы жалғасқан аса ауқымды жоба «One Asia - One World» элективті курсы.