Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар!
Оқу ақысын төлеу тек Қазақстан республикасының банктері арқылы жүзеге асады. МАҢЫЗДЫ!!! Оқу ақысын төлеген кезде (аударым/оқуға қайтадан орналасу, жазғы семестр және т.б.) Сіз университетке түскен кезде сізге тағайындалған идентификациялық код идентификаторын біліп алыңыз, сонымен қатар қаражатты НЕ ҮШІН (аударым /оқуға қайтадан орналасу, жазғы семестр) төлейтініңізді міндетті түрде көрсетіңіз !!!
Университет реквизиттері Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Индекс 050022 г. Алматы, Муратбаев көшесі, 200 РНН 600 700 016 904 ИИК KZ 358 56000 00000 10712 АҚ Банк Центр Кредит БИК KC JB KZ KX Кбе 16 БИН 011140001654 |
Оқу ақысын төлеу мерзімі (бірінші транш) жыл сайын 25 тамызға дейін (білім беру туралы келісімі бойынша) 40% мөлшерінде. Әрі қарай төлеу келісімшарт бойынша бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі:
-желтоқсан айында (жыл сайын) 10%
- мамыр айының басына дейін (жыл сайын) оқу ақысының қалған 50% төленуі тиіс.
Сондай-ақ, сіз оқу ақысын онлайн-банктегі қосымшалар арқылы төлеуіңізге болады. Университеттің шотына қаражаттың аударылғанын және қарыздың жоқтығын анықтау үшін сіз 292-08-05 (ішкі 2040) телефонына қоңырау шала аласыз.
Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ плагиат және көшіруге «нөлдік төзімділік» принципін ұстанады. Университет студенттердің тың әрі жаңаша ойлау тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Жоғары деңгейдегі маман болу – университет студенттерінің басты құндылығы!
Студенттердің барлық ғылыми жұмыстары, соның ішінде есептер, эсселер және дипломдық жобалар, плагиатты анықтау және алдын алу үшін «Антилплагиат ВУЗ» мамандандырылған жүйесімен міндетті түрде тексеріледі. Плагиаттық тексеруден өтпеген материал қорғауға жіберілмейді және міндетті түрде түзетуге қайтарылады.
Мекен-жайымыз: Досмұхамбетов 15(Гогол мен Шарипов көшесінің қиылысы)
Әскери кафедра бастығының орынбасары – подполковник Мұғалов Маулен Қайреденұлы(жұмыс тел: 233-78-68, ұялы тел: 8-778-601-60-64)
Әскери кафедра бойынша кезекші (жұмыс тел: 233-43-54).
Ескертпе: Әскери кафедраға ҚазХҚ және ӘТУ-нің барлық мамандықтарының студенттері түсе алады.
Әскери кафедраның ғылыми-әдістемелік жұмыстарының жоспарына, сонымен қатар тәрбиелік және әскери-патриоттық жұмыстарына сәйкес студенттер әртүрлі форумдарға және әскери-ғылыми, әскери-патриоттық тақырыптар бойынша өтетін түрлі пікірсайыстарға белсенді қатысады. Студенттермен еліміздің Қарулы Күштерінің дамуы, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатындағы маңызды бағыттары, әлемдегі геосаяси жағдайлары жөнінде күнделікті сұқбат жүргізіліп отырады.
Әскери кафедра студенттері ғылыми және білім беру көлемінде жоо-ларда өтетін ғылыми-теориялық конференцияларға үнемі қатысып отырады. 2016 жылы 2 курс студенті Зауырбекова Ж., Радиотехникалық және байланыс әскери-инженерлік институтында өткен IV ведомоствоаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, «Жастар және ғылым. Біз - өз болашағымыздың құрушыларымыз» атты тақырыппен баяндама жасап, Бірінші орын алды.
2016 жылы 1 курс студенті Мазғұтова К., сәуір айында Құрлық әскерлері Әскери институтында өткен жооаралық ғылыми конференцияға қатысып, «Ұрпақтың білімі-тәуелсіз мемлекеттің кепілі» атты тақырыпта баяндама жасап, ЕКІНШІ орын алды.
2016 жылы мамыр айында әскери кафедраның 1 курс студенті Тынышбек А., Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Академиясында өткен ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, «Курсанттардың ғылыми творчествосындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін практика мен теорияны дамыту» атты тақырыпта баяндама жасап, ЕКІНШІ орын алды.
2016 жылы қыркүйек айында 2 курс студенті Тынышбек А., Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Академиясында өткен ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, «Тіл-рухани байлықтың қайнар көзі» атты тақырыпта баяндама жасап, конференцияның қорытындысы бойынша құрмет сертификатын алды.
Сонымен қатар әскери кафедра студенттерінің Астана қ. Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде өтетін халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, өздерінің ғылыми мүмкіндіктерін көрсете алатын қабілеттері бар. 2016 жылы 30 қыркүйекте Ұлттық қорғаныс университетінде өтетін халықаралық ғылыми конференцияға 2 курс студенті Серікқажы Ұлар «Қазақстан жастарын әскери-патриоттық тұрғыдан тәрбиелеудегі әскери кафедраның рөлі» атты тақырыппен баяндама жасайды.
Әскери кафедраның әскери-патриоттық дайындықтары бар студенттері Қарағанды облысы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында жыл сайын өтетін Республикалық әскери-патриоттық «Айбын» жастар жиынына қатысады.
Бұл жиында әскери кафедра студенттерінің әскери дағдыларын, денелерінің шыныққанын, интелектуалды және творчесволық зеректіктерін көрсете алатын бірден-бір мүмкіндіктері бар.
Әскери кафедраның жинағында әзірше жүлделі орындар жоқ. Бірақ та әскери кафедра басшылығы келесі «Айбын» жастар жиынында әртүрлі номинациялар мен құрмет грамоталарын алуға студенттердің барлық қажетті қадір-қасиеті және мүмкіндіктері бар екеніне сенімді.
Әскери кафедрада оқу үрдісі Қазақстан Республикасы әскери құрамалары және басқа әскерлері, Қарулы Күштерінің Жалпыәскери жарғылары талабына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылы 11 тамыздағы № 384 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасына және Қорғаныс министрінің жыл сайын әскерді жауынгерлік дайындығы бойынша ұйымдастырылған нұсқауларының, ережелерінің, атыс курстарының және басқа нормативті-құқықтық құжаттарының директивасына, әскери қызметке азаматтарды дайындау Ережесіне сәйкес ұйымдастырылады.
Әскери кафедрада ҚР ҚМ қабылдаған жоспарға сәйкес жоғары кәсіби білім негізінде әскери-есептік мамандығы бойынша «Шет тілі» (ӘЕМ-390200)(ағылшын және қытай тілдерінің әскери аудармашылары), сонымен қатар әскери-есептік мамандығы бойынша «Әскери журналистика» (ӘЕМ-390200) запастағы офицерлерді даярлайды.
Әскери кафедрада оқу 2 жыл жүреді де, студенттердің ЖОО бітіруіне бір жыл қалғанда жазғы демалыс кезінде жаттығу жиынымен аяқталады. Студенттермен әскери дайындықты жүргізу «әскери күн» әдісімен аптасына бір рет жүргізіледі.
Әскери кафедрада студенттер кредиттік технологиямен оқытылмаса да балдық-рейтинигтік жүйе бойынша бағаланады.
Үйренушілердің әскери дайындығын қорытындылайтын кезеңі жаттығу жиыны (кәсіби практика) болып саналады. Жаттығу жиыны әскери бөлімдердің(мекемелердің), әскери оқу орындарының және ЖОО-ның жаттығуға арналған материалдық-техникалық базаларын пайдалану арқылы өтеді. Үйренушілердің әскери дайындық курсын өту кезінде алған командалық және әдістемелік дағдыларын және тәжірибелік үйренулерін жетілдіру мақсатында жаттығу атыстары бойынша машықтандыру орындалады, әскери көліктер жүргізеді және басқа да жауынгерлік міндеттер атқарылады.
Үйренуші-қыздар жаттығу жиынына қатыспайды. Олар алған әскери-есептік мамандығы бойынша кәсіптік практика өтеді. Үйренуші-қыздар кәсіби практика өту кезінде жаттығу атыстарын орындайды және әскери ант қабылдайды. Жаттығу жиыны(кәсіби практика) ЖОО бітіруден бір жыл бұрын жүргізіледі. Егер үйренушілер кейбір дәлелді себептермен (науқастанып қалуына немесе отбасылық және қызметке байланысты) жаттығу жиынына(кәсіби практикаға) қатыса алмаса, ЖОО бітіретін жылы өтуге рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 27 тамыздағы № 1109 «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде әскери кафедра құру жөнінде» бұйрығы бойынша «ЖҰМ –ды мотоатқыштар бөлімшелерінің, бөлімдердің және құрамалардың жауынгерлік қолдануы» және «Шет тілі» мамандақтары бойынша запастағы офицерлерді даярлайтын әскери кафедра құрылды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2001 жылы 22 қазандағы № 327 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001жылы 27 қазандағы № 822 бұйрықтарымен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде бірінші рет әскери кафедраның штаттық кестесі бекітілді.
Әскери кафедраның алғашқы бастығы қызметін 2001 жылдан 2012 жылға дейін И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесінің түлегі полковник Аділхан Қуанышбайұлы Далабаев басқарды.
2012 жылдан 2015 жылға дейін әскери кафедраны Ачин жоғары авиациялық-техникалық училищенің түлегі запастағы полковник Владимир Хакімұлы Досалин басқарды.
2015 жылдың соңғы айынан бастап әскери кафедра бастығы қызметіне И.С. Конев атындағы Алматы жоғары әскери училищенің түлегі, полковник Руслан Серікұлы Абесинов тағайындалды.
2003-2016 жылдарда әскери кафедраны 1343 студент бітірді, «запастағы лейтенант және запастағы сержант» бірінші әскери атағын алды.
Бөлімнің негізгі мақсаты студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, есепке алу және бақылау, жоспарлау және болжау болып табылады.
Бөлімнің міндеттері мен функциялары студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастырушылық, ақпараттық, әдістемелік жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі қызмет түрлері:
Қызметкерлер:
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. - академиялық ұтқырлық бөлімінің меңгерушісі
Тел:+7 (7272)920384 (ішкі 2219)
Правила направления для обучения за рубежом, в том числе в рамках академической мобильности