Шығармашылығы және басқа жетістіктері

    Әскери кафедраның ғылыми-әдістемелік жұмыстарының жоспарына, сонымен қатар тәрбиелік және әскери-патриоттық жұмыстарына сәйкес студенттер әртүрлі форумдарға және әскери-ғылыми, әскери-патриоттық тақырыптар бойынша өтетін түрлі пікірсайыстарға белсенді қатысады. Студенттермен еліміздің Қарулы Күштерінің дамуы, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатындағы маңызды бағыттары, әлемдегі геосаяси жағдайлары жөнінде күнделікті сұқбат жүргізіліп отырады.

    Әскери кафедра студенттері ғылыми және білім беру көлемінде жоо-ларда өтетін ғылыми-теориялық конференцияларға үнемі қатысып отырады. 2016 жылы 2 курс студенті Зауырбекова Ж., Радиотехникалық және байланыс әскери-инженерлік институтында өткен IV ведомоствоаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, «Жастар және ғылым. Біз - өз болашағымыздың құрушыларымыз» атты тақырыппен баяндама жасап, Бірінші орын алды.

    2016 жылы 1 курс студенті Мазғұтова К., сәуір айында Құрлық әскерлері Әскери институтында өткен жооаралық ғылыми конференцияға қатысып, «Ұрпақтың білімі-тәуелсіз мемлекеттің кепілі» атты тақырыпта баяндама жасап, ЕКІНШІ орын алды.

    2016 жылы мамыр айында әскери кафедраның 1 курс студенті Тынышбек А., Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Академиясында өткен ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, «Курсанттардың ғылыми творчествосындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін практика мен теорияны дамыту» атты тақырыпта баяндама жасап, ЕКІНШІ орын алды.

    2016 жылы қыркүйек айында 2 курс студенті Тынышбек А., Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Академиясында өткен ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, «Тіл-рухани байлықтың қайнар көзі» атты тақырыпта баяндама жасап, конференцияның қорытындысы бойынша құрмет сертификатын алды.

    Сонымен қатар әскери кафедра студенттерінің Астана қ. Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті-Елбасы  атындағы  Ұлттық қорғаныс университетінде өтетін халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, өздерінің ғылыми мүмкіндіктерін көрсете алатын қабілеттері бар.    2016 жылы 30 қыркүйекте Ұлттық қорғаныс университетінде өтетін халықаралық ғылыми конференцияға 2 курс студенті Серікқажы Ұлар «Қазақстан жастарын әскери-патриоттық тұрғыдан тәрбиелеудегі әскери кафедраның рөлі» атты тақырыппен баяндама жасайды.

    Әскери кафедраның  әскери-патриоттық дайындықтары бар студенттері Қарағанды облысы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында жыл сайын өтетін Республикалық әскери-патриоттық «Айбын» жастар жиынына қатысады.

    Бұл жиында әскери кафедра студенттерінің әскери дағдыларын, денелерінің шыныққанын, интелектуалды және творчесволық зеректіктерін көрсете алатын бірден-бір мүмкіндіктері бар.

    Әскери кафедраның жинағында әзірше жүлделі орындар жоқ. Бірақ та әскери кафедра басшылығы келесі «Айбын» жастар жиынында әртүрлі номинациялар мен құрмет грамоталарын алуға студенттердің барлық қажетті қадір-қасиеті және мүмкіндіктері бар екеніне сенімді.

    Печать E-mail

    универсиада замена