Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 2-6 қараша аралығында студенттердің психологиялық әл-ауқатын арттыруға, өз сезімдерін түсінуге көмектесуге және стресспен тиімді күресу жолдарын меңгеруге бағытталған «Менталды денсаулық апталығы» өтті. Апталық аясындағы іс-шаралар мен тренингтерді университет психологтары Мухаббат Низамудин мен Сая Нұржанқызы ұйымдастырды.

Менталды денсаулық апталығының ашылуы. 2 қараша күні Менталды денсаулық апталығының ресми ашылуы өтті. Іс-шараға барлық факультеттің студенттері қатысып, пайдалы ақпараттар мен психологиялық техникалармен танысты.
Менталды денсаулық – бұл адамға өміріндегі стрестік жағдайлармен күресуге, өз мақсаттарына жетуге, сәтті оқуға және жұмыс істеуге, сондай-ақ қоғам өміріне үлес қосуға мүмкіндік беретін психикалық әл-ауқат күйі. Студенттік өмір қуанышты сәттерге ғана емес, сонымен қатар үлкен өзгерістер мен сынақтарға толы. Менталды денсаулық оқу үрдісіне де, күнделікті өмірге де айтарлықтай әсер етеді.
Осылайша, басты мақсат – студенттердің менталды денсаулықтың маңыздылығы туралы хадардарлығын арттыру,стресс пен шаршаудың алдын алу жолдарын көрсету, сондай-ақ мамандардан көмек сұрау қалыпты жағдай екенін және одан қорықпау керектігін түсіндіруге көмектесу.

.png)






















