Түлектер ілтипаты

 

Сексен жылдан астам тарихы бар, тарихы терең, тағлымы мол оқу ордасы – Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті 800 мыңға жуық кәсіби білікті мамандарды дайындаған. Қазіргі кезде университет  еңбек нарығының талабына сай, шет тілдерінің және халықаралық қатынастар мамандарын дайындауда.

Базалық негізі қаланған, шеттілдік білім беруде республикалық қана емес халықаралық деңгейде білікті мамандар дайындайтын оқу орнымыздың оқытушы-профессорлық құрамының кәсібіи біліктілігі де университет рейтінгісіне сәйкес.

Абылай хан атындағы ҚХжӘТУ өз түлектерімен мақтанады. Себебі университет түлектері бүгінде елшілік, сенат, мәжіліс, әкім, ректор, кәсіпкер және ғалым секілді жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып жүр.  23 сәуір күні оқу орнына университеттің 2011 жылдың түлегі қонаққа келді. Атап айтар болсақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев университет басшыларымен, студенттермен кездесті. Олжас Ордабаев университеттегі alma-mater-де болып, келушілер кітапшасына өзінің жүрекжарды тілегін жазды. Университет түлектері өздері білім алған оқу орнын ұмытпай келіп, ұшқан ұяға деген ыстық ықыластарын білдіріп, осылай өз құрметін көрсетуде.

Абылай хан атындағы баспасөз орталығы

Печать E-mail

универсиада замена