Екі шетел тілі мұғалімі

6В01701 - "Шетел тілі мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламасы жайлы

6В01701 - "Шетел тілі мұғалімдерін даярлау" жаратылыстану-ғылыми, экономикалық және гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік мектепте жұмыс істей алатын және шет тілін ерте оқыту және негізгі орта және арнаулы оқу орындарында жұмыс істеуге қабілетті жаңа формациядағы мамандарды дайындайды.

Бағдарламаны өту шеңберінде студенттерде кәсіби қызметке қажетті іргелі білім, білік және дағдылар қалыптастырады.

Мамандарды даярлау сапасы ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін, академиялық ұтқырлықты дамытуды ескере отырып, шет тілінде білім беруге халықаралық стандартты деңгейлік тәсілді енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.

Білім беру бағдарламасы: 6В01701 – «Шетел тілі мұғалімдерін даярлау»

Академиялық дәрежесі: білім бакалавры

Оқыту түрі: күндізгі

Оқу мерзімі:

4 жыл (орта білім аттестаты болған жағдайда)

3 жыл (орта кәсіптік білімі бар болған жағдайда)

6В01701 - "Шетел тілі мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламасының артықшылықтары

  • Білім беру бағдарламасының инновациялылығы
  • Модульдердің интегративтілігі
  • Шығыс және еуропа тілдерін таңдау құқығы
  • Кәсіби педагогикалық тіл бойынша тілдік дайындық циклі
  • Мектеп бағдарламасының талаптарына негізделген пәндер блоктары
  • Кәсіптік-қолданбалы жобаларды әзірлеу
  • Бастауыш, негізгі орта және орта білім беру бойынша кәсіптік практиканы мамандандырылған мектептерде өтеді: «Smart Kids» балабақшасында, «Home Academy» халықаралық балабақшасында, «Мирас», Алматы, «Tamos Education» халықаралық мектептерінде, РФММ, мектеп-гимназияларда және лицейлерде.
  • Мамандандырылған, мектеп-гимназияларда, лицейлерде және халықаралық мектептерде жұмысқа орналастыру
  • Білікті профессор-оқытушылар құрамы.

Мансап болашағы:

«Шет тілі мұғалімдерін даярлау»  білім беру түлектерінің жұмыс істеу мүмкіндігі бар:

  • Бастауыш сынып мұғалімі (1-4)
  • Негізгі сынып мұғалімі (5-9)
  • Жаратылыстану-ғылыми, экономикалық және гуманитарлық бейіндер бойынша жоғары сынып мұғалімі (10-11)
  • Мамандандырылған мектептерде мұғалім болып жұмыс істейді.
  • Магистратурада оқуды жалғастыру құқығы

Бізге қалай түсуге болады:

Оқуға түсу үшін мына құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Аттестат(Диплом) + қосымша (түпнұсқа);
  2. Ағымдағы жылғы ҰБТ сертификаты (түпнұсқа);
  3. 6 сурет 3х4 (күңгірт);
  4. Жеке куәліктің 5 көшірмесі;
  5. ата-анасының жеке күәлігінің көшірмесі;
  6. Ф-086 медициналық анықтамасы (тұрғылықты жері бойынша өтуге болады + флюорография пленкалық суретімен (түпнұсқа) + 063 форма (егу картасы немесе денсаулық паспорты);
  7. Тіркеу куәлігінің көшірмесі (ұлдар үшін);

Мемлекеттік білім беру гранттарын беру Білім және ғылым министрлігінің конкурстық комиссиясы оның жұмыс қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

Ақылы бөлімге өту балы - 80 балл.

Бейіндік пәндер: Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі. Талапкерлерге педагогикалық әңгімелесуден өту қажет: педагогикалық жағдайды шешу. Республикадағы халықаралық қатынастар және шет тілі бағытындағы жалғыз базалық университет Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ аяқтаған соң, өз үлгісіндегі диплом беріледі.

Мектеп түлектері үшін
Бейіндік пәндер: Шет тілі+дүниежүзі тарихы
Шекті балл: ақылы түрде -80,
Грант конкурсына қатысу -100
Колледж түлектері үшін (қысқартылған оқу түрі)
Бейіндік пәндер: Педагогика және психология негіздері+ шет тілі
Шекті балл: Грант конкурсына қатысу -55
Ақылы түрде -сұхбаттасу

Біздің серіктестер:

  • Бамберг Университеті (Германия)
  • Пассау Университеті (Германия)
  • Фрибург Университеті (Швейцария)
  • Пуатье Университеті (Франция)
  • Перпиньян Университеті (Франция)
  • Бергамо Университеті (Италия)
  • Ланджоу Университеті (Қытай)
  • Кебансаан Университеті (Малайзия)
  • Университеттер: Чунан,Пуссан, Кеймюнг, Ханкук, Чунбук (Корея) және т. б.

Біздің мекен-жайымыз:

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ.

Мұратбаев көшесі, 200

тел: +7 (727) 2922373

факс: +7 (727) 2924473

e-mail: www.ablaikhan.kz

 План Развития 

Печать E-mail

универсиада замена