Халықаралық қатынастар факультеті
29-30 тамызда Корея Республикасының 5-ші Еуразиялық жастар академиясы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінде болды. Университетке келген делегация құрамында осы бағдарламаға қатысу үшін қатаң іріктеуден өткен Корея Республикасының 21 жоғары оқу орнынан 25 студент, оның ішінде Хангук шетел тілдері университетінің, Пусан университетінің, Кенхи университетінің, Кемёнг, Сонгюнгван, Кукмин, Сеул технологиялық университетінің, Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттері, сондай-ақ «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық Форумы Хатшылығының, Хёндэ зерттеу институтының, Халықаралық Корей қорының өкілдері болды. Корея Республикасынан келген делегацияны корейтану Орталығының қызметкерлері, шығыстану факультетінің корей бөлімі студенттері жылы қарсы алды.
2023 жылдың 25-26 тамызында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне Пусан қаласының (Корея Республикасы) Еуразиялық экспедициясының делегациясы келді. Бұл сапар Пусан қаласын «ЕХРО - 2030» өткізуге үміткер ретінде таныту бойынша үлкен бағдарламаның бөлігі болып табылады. Алматы қаласы экспедиция үшін Еуропа елдеріне барар жолда Орталық Азияның алғашқы қаласы болып табылады.
2023 жылдың 4-17 тамыз аралығында шығыс тілдерінің аудармасы кафедрасының және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы Конфуций институтының оқытушысы Сабигазина Сауле Шыңжаң университетінде жазғы тағылымдамадан сәтті өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан, Орталық Азия және Ресейден қытай тілі оқытушылары қатысты.
Құрметті студенттер, 1-оқу корпусының 107 кабинетінде, сонымен қатар Университет жатақханасында медициналық пункттер бар екенін хабарлаймыз, оларға физикалық саулыққа байланысты барлық мәселелер бойынша хабарласып, бірінші кезекте сапалы медициналық көмек ала аласыз.
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер университеті «QS World University Ranking» әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінде өз орнын сақтап қалды!
Жыл сайын жүргізілетін «QS World University Ranking» әлемнің ең үздік университеттерінің рейтингі биылғы жылы 20-рет жасалып отыр. Соңғы екі онжылдықта жоғары білімге қойылатын талаптар айтарлықтай өзгерген.
ТАЛАПКЕР, НАЗАР АУДАР!!!
Бейне нұсқау: ЭСҚ арқылы Doculite-те онлайн шартқа қалай қол қоюға болады
Видеоға сілтеме - https://youtu.be/QMsSaXQkl3M
Нұсқауға сілтеме (PDF) - http://tiny.cc/fht9vz
ВНИМАНИЕ АБИТУРИЕНТ!
Видео-инструкция:
Как подписать договор в Doculite в онлайн режиме с помошью ЭЦП
Ссылка на видео - https://youtu.be/PfucT1d4spA
Ссылка на инструкцию (PDF) - http://tiny.cc/cft9vz
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ "Болашақ" халықаралық стипендиялық бағдарламасы аясындағы "500 Ғалым" жобасы шеңберіндегі байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтап, үлкен табыстар тілейді!