Университетіміздің қабырғасында 22 қыркүйек күні Орталық Азия және Азербайджандағы Elsevier компаниясының консультанты Рабига Хожамкулмен кездесу өтті. Семинардың тақырыбы: Scopus арқылы өзекті тақырып таңдау болды. Семинарға университет оқытушылары, магистранттар, докторанттар және бакалавр студенттері қатысты.