12.05.2022 ж. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті, Мәдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы кафедрасы Қазақстан халықтарының бірлігіне арналған "Бірлігіміз жарасқан" атты іс-шара өткізді. Шетел тілі мұғалімдерін даярлау мамандығының 3 курс студенттері әртүрлі халықтардың мәдениеттерін көрсетуге белсене қатысып, атсалысты. Көрермендермен интерактивті форматта би, ән, ұлттық тағамдардың тұсаукесері өтті.