Құрманғазы атындағы халық аспаптары академиялық оркестрінің концерт залында Adagio концерті өтті. Кәсіби аймақтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Шукыжанова А.Н. 3 курс студенттерімен классикалық музыка кешін тамашалап қайтты.
Құрманғазы атындағы халық аспаптары академиялық оркестрінің концерт залында Adagio концерті өтті. Кәсіби аймақтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Шукыжанова А.Н. 3 курс студенттерімен классикалық музыка кешін тамашалап қайтты.
2023 жылдың 1-22 ақпан аралығында шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасы Konin State University Barbara Lewandowska-Tomaszczyk профессорымен арнайы мақсаттар үшін тілді үйрену мәселелеріне арналған бірқатар дәрістер ұйымдастырылды. Шетел тілдерi педагогикасы факультетінің 4 курс студенттері арнайы мақсаттар үшін тілді оқытудағы онтология, терминология, мәдениет, ұқсастылық, рәміздер, сезімдер және заманауи тәсілдерге қатысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысты. Дәрістердің бұл циклі болашақ шетел тілі мұғалімдерінің шет тілдік-әдістемелік дайындығын әртараптандыруға мүмкіндік берді.
«Қытай мәдениеті апталығы» аясында шығыстану факультетінде «Қытай еліндегі шай рәсімі» және «Аспан асты елінің дәмдері» атты іс-шаралар өткізілді.
22.02.2023 Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ университетке Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Пак Нэчхон мырза келді. Делегация құрамында Бас консулдықтың мәдениет және білім мәселелері жөніндегі қызметкері Ча Сынг Хван мырза қатысты.
Академиялық ұтқырлық шеңберінде "Халықаралық бизнес" мамандығының ХҚжЭ факультетінің 3-курс студенттері, Амангелдиева Камилла Ерболқызы және Плескачева Яна Евгеньевна Inholland University of Applied Sciences (Netherlands) және University Kebangsaan (Malaysia) оқып келді. Сондай-ақ халықаралық жобаларға қатысып, қатысушылардың сертификаттарын алды.
Бүгін елордамыз Астанада Назарбаев Университеті және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырған «Бағдарлы тілдік білім: Интеграция. Инновация. Технология» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарының үшінші күні де аяқталды.
Астана төрінде өтіп жатқан семинар ақпанның 21-і күні әрі қарай жалғасуда. Үстіміздегі жылдың 20 ақпаны күні Астана қаласында қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі, Назарбаев Университеті және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасы бірлесіп ұйымдастырған «Бағдарлы тілдік білім: Интеграция. Инновация. Технология» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарының жұмысы өз жалғасын тапты.
2023 жылдың 17 ақпанында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де дәстүрге айналған «Қазақстандағы және шетелдегі қытайтану» III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шараны Шығыстану факультеті мен Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ жанындағы Конфуций институты ұйымдастырды.
2023 жылдың 17 ақпанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де ашық есіктер күні өтті, оған Алматы қаласы мен Алматы облысының мектептері мен колледждерінің 300-ден астам түлегі қатысты! Іс-шара барысында түлектерге жоғары оқу орнының тарихы, оқытушылар құрамы, университеттің әлемдік және республикалық рейтингтік агенттіктердегі позициясы туралы ақпарат айтылды.
2023 ж. 16 ақпанда Шығыстану факультетінде «Шығыстану» және «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламаларының жапон бөлімінің студенттері үшін Алматы қаласындағы Мицубиси банк өкілдерінің қатысуымен кезекті жоспарлы қонақ дәрісі өтті.
Ақпан, 2023 - Синхронды аударма кафедрасының 3 курс студенті Глеб Михайлович Сомов беделді V Қазан Халықаралық аударма байқауына қатысып, өзінің тілдік таланттары мен аударма дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.