2022 ж. 12 желтоқсанында университетімізге саяси ғылымдарының докторы, Ресей ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар жөніндегі ғылыми ақпарат институтының Таяу және посткеңестік Шығыс бөлімінің меңгерушісі Аватков Владимир Алексеевич және Халықтар достығы Ресей университеті Стратегиялық зерттеулер мен болжамдар институтының директоры Егорченков Дмитрий Александрович ресми сапармен келді. Әріптестер университеттіміздің проректоры, педагогика ғылымдарының докторы Тулебике Алимжановна Кульгильдиновамен және Халықаралық қатынастар факультеттің оқытушылар қураммен кездесіп, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары, студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы, сондай-ақ екі университет ғалымдарының өзара іс-қимылы және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылады, Түркияның сыртқы саясатына назар аударды.