2024 жылдың 26 қаңтарында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультеті Шығыстану кафедрасының ұйымдастыруымен Бөлекбаев оқулары аясында «Шығыс өркениеті: Тарих. Мәдениет. Тіл» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз, философия ғылымдарының докторы, профессор Бөлекбаев Сағади Байұзақұлы есімін еске алу және оның ғылыми мұрасына тағзым ету мақсатында өткізілген бұл шара Қазақстан Республикасы көлемінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шара мақсаты – Шығыстану ғылымының өзекті мәселелерін, Шығыс елдерінің қазіргі тарих, экономика, саясат, тіл саласындағы мәселелерін қарастыру және жас ұрпаққа ғалым Бөлекбаев Сағади Байұзақұлының ғылымға қосқан үлесі, тұлғалық қасиеттерін паш ету.