23-24 қарашада біздің университетіміздің қабырғасында БҰҰ моделінің жыл сайынғы халықаралық конференциясы өтті. Ашылу салтанатында БҰҰ Жаһандық Коммуникациялар Департаментінің өкілі - Властимил Самек, АҚШ Бас Консулдығының Баспасөз, Мәдениет және Білім Мәселелері Жөніндегі Кеңесшісінің Орынбасары - Чад Киннер, Алматы қаласы ҚР СІМ Өкілдігінің Басшысы - Бөлегенов Бақытжан Ерғалиұлы сөз сөйледі.