Осымен, БҰҰ моделінің екі қызықты күні сәтті аяқталды! Алматы қаласының 10-нан астам университет студенттері мен мектеп оқушылары, FLEX бағдарламасының түлектері - 73 делегат келесі бағыттар бойынша резолюция қалыптастыру бойынша жұмыс жасады:
Осымен, БҰҰ моделінің екі қызықты күні сәтті аяқталды! Алматы қаласының 10-нан астам университет студенттері мен мектеп оқушылары, FLEX бағдарламасының түлектері - 73 делегат келесі бағыттар бойынша резолюция қалыптастыру бойынша жұмыс жасады:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2024 жылы 4-6 сәуір аралығында "Фараби әлемі" атты, студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай ұйымдастырылды.
2 сәуірде PR технологиялар саласындағы өзекті тақырыптар бойынша университетаралық студенттік пікірталас клубы өз жұмысын басталып, 16 сәуірге дейін жалғасады. Белгілі журналист, PR маманы Б.Ш. Алдоңғарованың бастамасымен құрылған жобаның мақсаты - Алматы қаласындағы университет студенттері арасында пікір алмасу.
2024 жылғы 28 наурызда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Жастар Ассамблеясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
2024 жылдың 28 наурызында Шығыстану факультеті мен Конфуций институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан-Қытай-Орталық Азия: қазіргі жағдайы және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шара Шығыс тілдері аударма кафедрасының ашылуының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге филология, аударматану, саясаттану және шығыстану саласындағы отандық және шетелдік мамандар, факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, кафедраның алғашқы түлектері қатысты.
2024 жылдың 12 ақпанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де Түрік Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу және Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының білім беру атташесі Коркмаз Айхан мырзамен Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің басшылығы, профессорлық-оқытушы құрам және түрік тілін оқып жатқан студенттермен кездесу өтті.
11-13 желтоқсан аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ делегациясы атынан ӘМжәнеТЖ жөніндегі проректор Т.В. Серёжкина және Конфуций орталығының менеджері Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі мен Солтүстік-Батыс педагогикалық университеті (Ланчжоу қ.) ұйымдастырған Педагогикалық білім беру жөніндегі Азия-Еуропа халықаралық форумы-2023 жұмысына қатысты.
2023 жылғы 6 желтоқсан мен 12 желтоқсан аралығында Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Ж.Т. Жылтырова, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Т.Е. Әбдіғаппар, Шығыстану факультетінің деканы Е.М. Қағазбаева мен Конфуций институты директорының орынбасары Ши Лонвэй Қытайға жұмыс сапарын сәтті өткізді!
2023 жылғы 8 желтоқсанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде лингвист-ғалым Карлинский Аврам Ефремұлының 100 жылдығына арналған «Заманауи тілдік байланыстар: теория және практика» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
2023 жылдың 26 қазанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінің шығыстану факультеті шығыс филологиясы кафедрасының «Dilmar үйірмесімен» Түркия Республикасының 100 жылдығына орай «Türk Kültüründe Kadın İmgesi» тақырыбында лекция ұйымдастырылды.