Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді Қазақстанның жоғары оқу орындарына тарту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша дәрістер циклын жалғастыруда.

    2018 жылы 26 қазан мен 23 қараша аралығында  университеттің оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына танымал халықаралық сарапшы, педагогика докторы, Бургас университетінің  (Болгария) профессоры Михайлова Дерижан Ицка «Білім беру саласындағы менеджмент әлеуметтік психология және педагогика» тақырыбында дәрістер курсын оқуда.

    Тыңдаушылар менеджменттің теориялық негіздері, ұйымдық-құрылымдық  үлгілері, орталықтандыру және билікті делегирлеу, білім менеджментінің негізгі көзқарастары мен принциптері, халықаралық заңдар, оқушылар құқықтары, білім беру ұйымдарын әкімшілік басқару, ұйымдық психология, ұйымдық мінез-құлық көшбасшылық, топтар теориясы, білім берудегі маркетинг және PR стратегиялары, индикативті болжамдар жасау, стратегиялық және оперативтік жоспарлау, білім берудегі адам ресурстарын басқару, білім беру ұйымының құрылымындағыиерархиялық қарым-қатынастар туралы білімдер алады.

    Сонымен қатар профессор Дерижан Ицка оқытушыларға «Инклюзив және инклюзивті білім беру»,  «Білім берудегі менеджмент – әлеуметтік және мета технологиялар» тақырыбтарында мастер-класстар және ұжымдағы қарым-қатынас, рөлдер мен иерархия, топтағы мінез-құлық, білім беру ұйымдындағы персоналды ынталандыру туралы тренингтер өткізеді.

    Print Email

    универсиада замена