Foreign Philology (European laguages)

    «ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ»

    БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ

    «6B023 – ТІЛДЕР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ»

    БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ

         "Шетел филологиясы"білім бағдарламасы оқытылатын пәндердің әртүрлілігімен ерекшеленеді және бакалавриат, магистратура, докторантура білім беру бағдарламаларының барлық үш сатысы бойынша заманауи бәсекеге қабілетті әлемде кәсіби қызметтің алуан түріне болашақ мамандарды дайындайды.

        "Шетел филологиясы" білім бағдарламасының мақсаты жалпы ғылыми ой-өрісі кең, теориялық және әдіснамалық базасы мықты; филология, тіл теориясы, когнитивтік лингвистика саласында терең білімі бар, шет тілдерін кәсіби меңгерген, қазіргі заман талаптарына сай келетін мамандар даярлауды жүзеге асыру болып табылады; тіларалық ынтымақтастық саласында табысты жұмыс істеуге, зерттеу және практикалық қызметте жаңа білім мен дағдыларды өз бетінше алуға және пайдалануға, өзінің ғылыми құзыреттілігін кеңейтуге және тереңдетуге және жалпы білім беру мекемелерінде ғылыми-зерттеу жұмысы мен педагогикалық қызметті жүзеге асыруға дайын мамандарды дайындау.

         "Шетел филологиясы" білім бағдарламасының артықшылығы ретінде әртүрлі қызмет салаларында болашақ түлектердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту құралы ретінде келесі майнорларды атауға болады:

    1) Шетел филологиясы жөніндегі маман: Лингвист.

    Біліктілігі:

    • Лингводидактика және лингвистика теориясы бойынша, ауызша және жазбаша коммуникация саласында, дискурстың вариативтік модельдері саласында (когнитивтік, педагогикалық, ғылыми) шетел филолог мамандарын даярлау; түрлі жанрдағы ауызша/жазбаша мәтіндерге, функционалдық стильге, идиостильге және т.б. лингвистикалық талдаулар жүргізу;
    • Қолданбалы лингвистика (лексикография және т.б.) саласында шетел филологтарын даярлау.

    Қосымша біліктіліктері:

    - Лингвист-зерттеуші;

    - Лингвист-сарапшы;

    - Қолданбалы лингвистика маманы

    2) Шетел филологиясы жөніндегі маман: Әдебиеттанушы.

    Біліктілігі:

    Шетел әдебиеті бойынша маман даярлау. Зерттеу/оқу мақсаттары үшін мәтіндік ақпаратты филологиялық талдау және түсіндіру; көркем әдебиет мәтіндерін дискурс-талдау. Әдеби мәтіндерді/теорияларды/ағымдарды салыстырмалы/типологиялық/конструктивті талдау. Дәрістер курсын, оқу құралдарын, анықтамалықтар, энциклопедиялар және басқа да басылымдарды құрастыру үшін нақты материалдарды жинау, жүйелеу, сараптау.

    Қосымша біліктілігі:

    - Филолог-зерттеуші – шетел әдебиеті жөніндегі әдеби редактор

    3) Филолог: Баспа ісінің маманы. БАҚ (телеиндустрия) мәтіндерін редакциялау жөніндегі маман

    Біліктілігі:

    Тақырыптық жариялауға арналған материалды талдау; мәтіндік материалды тарихи-филологиялық түрде талдау; дереккөздерді өңдеу және талдау.

    Мәтінді транслатологиялық талдау үлгілерін зерттеу; идиостильді, тарихи-филологиялық және басқа да сипаттамаларды талдау.

    Өңдеуге арналған материалды таңдау және талдау

    Шет тіліндегі аударылған мәтіндерді тузеу.

    Бастапқы мәтінді кешенді талдау; салалық мәтін бойынша терминологиялық іріктеу (бизнес, сервис, білім беру).

    Қосымша біліктілігі:

    - Мәтіндерді түзету жөніндегі маман

    - PR-редактор маманы

         "Шетел филологиясы" білім бағдарламасының  түлектері лингвистикалық ғылымның пәндері және оның негіздері, оқытылатын тіл әдебиеті туралы түсінікке ие, сондай-ақ дискурстық талдаудың негіздерін, оқытылатын тілдің ерекшеліктерін, мәдениетаралық қарым-қатынасы, базалық лингво-теориялық курстардың заманауи тұжырымдамаларын, лингвистиканың теориялық курстарының тұжырымдамалық-семантикалық негіздемесіндегі функционалдық түсіндірудің өзгеру заңдылықтарын және әдебиеттанудың заманауи үрдістерін біледі.

         "Шетел филологиясы" білім бағдарламасының түлектері екі шет тілін жетік меңгеруге, шетел әдебиетінің бай мәдениетін тануға, сондай-ақ лингвистикалық жаңалықтармен танысуға мүмкіндік алады.

    Тәжірибе базасы

    Академиялық ұтқырлық

    Шақырылған профессорлар

    Print Email

    универсиада замена