Ақпан айының 9ында ақиық ақынымыз, поэзияның аса көрнекті өкілі, өлеңдері әр жүректе сақталған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ШТПФ 1 және 2 курс студенттері “Есіңе мені алғайсың...” атты әдеби-сазды кеш өткізді. Кешке қатысқан талантты студенттеріміздің бірі ақынның әсем жырларын оқыса, енді бірі ақынның ізін басып, қолына қалам алған жас ақындар арнау оқыды, сонымен қатар Мақатаев жырларының әуенге айналған әндерін орындады.
Кешке қатысқан студенттер ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, өнерлерін ортаға салды. Кеш соңында студенттеріміз алғыс хаттармен марапатталды. Осылайша біздің факультет поэзия әлемінде мәңгілік өшпес мұра із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың туған күнін ерекше атап өтті! Студенттерімізге кешке қатысып, белсенділік танытқандары үшін үлкен алғыс білдіреміз! Өнерлеріңіз өрлей берсін!
![]() |
![]() |
![]() |