23-24 қарашада біздің университетіміздің қабырғасында БҰҰ моделінің жыл сайынғы халықаралық конференциясы өтті. Ашылу салтанатында БҰҰ Жаһандық Коммуникациялар Департаментінің өкілі - Властимил Самек, АҚШ Бас Консулдығының Баспасөз, Мәдениет және Білім Мәселелері Жөніндегі Кеңесшісінің Орынбасары - Чад Киннер, Алматы қаласы ҚР СІМ Өкілдігінің Басшысы - Бөлегенов Бақытжан Ерғалиұлы сөз сөйледі.
Конференция сессиялары Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінде өткізілді. БҰҰ моделінің үш комитеті Қарусыздану үшін Жастар (Бас Ассамблея), Қауіпсіз Көші-Қон Жолдарына Инвестиция Салу (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы) және Әйелдер, Бейбітшілік және Қауіпсіздік (Қауіпсіздік Кеңесі) тақырыптары бойынша белсенді ой талқылап, пікірталастар өткізді. БҰҰ Моделі Конференциясының делегаттары өз ұсыныстарын креативті түрде ұсынды және альянстар құрды. Жемісті пікірталастардан кейін қатысушылар резолюциялар бойынша консенсусқа қол жеткізді, олардың тармақтары болашақта бейбітшілікті сақтауға ықпал етуі мүмкін деп үміттенеміз.
Конференцияның делегаттары мен Директорлар Кеңесінің мүшелері Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің, Сүлейман Демирел атындағы университетінің, Халықаралық Бизнес Университетінің, Тұран, Назарбаев Зияткерлік мектептерінен (Алматы да, Шымкент те), Хэйлибери Алматының, Заман мектебінің және тағы басқа білім беру мекемелерінің өкілдерімен өткізілді.
Конференцияның барлық қонақтары мен қатысушыларына алғысымызды білдіреміз, және сіздерді болшақ конференцияларда асыға күтеміз!