28.04.2023 күні ТиПМКК кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен, Шетел тілдері педагогикалық факультетінің 3-ші курс студенттері арасында “Spelling Bee” атты оқу-танымдық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты ағылшын тілінде ұсынылған сөздер мен терминдердің дұрыс дыбысталуы мен айтылуын қадағалау және дамыту.
Бұл сайысқа факультетіміздің 3-ші курс студенттері арасынан білгір білімгерлер қатысып, бақ сынады. Сайысымыз төрт кезеңнен тұрды:1) “Practice Round” (Практикалық айналым); 2) “Elimination Rounds” (Іріктеу айналымы); 3) “Definition Rounds” (Анықтау айналымы); 4) “Two Spellers Remaining” (Қорытынды айналым). Әр айналымда студенттеріміз іріктеліп, соңғы айналымға екі студент, 304-ші топтан Қасабек Салтанат және 224-ші топтан Бидаулетова Алмара өтіп, жүлделі орындарға ие болды. Аталған сайыс факультетімізде алғаш рет өтіп тұрғанына қарамастан, студенттеріміз жақсы дайындықтарын көрсете алды.