2024 жылдың 22 қазанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және тілдер университетте Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының Саяси зерттеулер орталығымен бірлесіп, Республика күніне арналған «Қазақстан жаһандық контексте: тәуелсіздік пен егемендікті нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға университеттің халықаралық қатынастар факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, институттың ғалымдары мен ғылыми қызметкерлері, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Сөз сөйлеген ҚР ЖБҒМ ҒК ФСДИ бас директоры, ҚР ҰҒА Президентінің міндетін атқарушы Сейдуманов Серік Тұрарұлы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ халықаралық қатынастар меңгерушісі Асхат Гүлнаш, ҚР ЖБҒМ ҒК ФСДИ Саяси зерттеулер орталығының директоры Әмребаев Айдар Молдашұлы, Саяси зерттеулер орталығының бас ғылыми қызметкері Қадыржанов Рүстем Қазақбайұлы, Саяси зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері Шоманов Асқар Жұмабайұлы, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша докторанты Искаков Аян және т.б.