26-29 қараша 2024 ж. Беларуся, Минск қаласында өткен "МИТСО" Халықаралық университеті Беларусь кәсіподақтар федерациясының білім беру мекемесі ұйымдастырған "Нюрберг процесі және қазіргі заманғы халықаралық құқық" атты II Халықаралық конкурсына Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Халықаралық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Меерманова Жұлдыз Базарбековнаның жетекшілігімен Халықаралық құқық оқу бағдарламасының студенттері Асылбеков Бексұлтан мен Есеналы Нариман қатысты.
№34 команда құрамындағы Асылбеков Бексұлтан мен Есеналы Нариман құрметті III орынға ие болып, III дәрежелі диплом мен сондай-ақ, "Айыптаушы тараптың үздік спикері" номинациясының иегерлері атанды.
Халықаралық конкурсқа қатысқан Қазақстандық жоғары оқу орындарының арасынан Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті үздік нәтиже көрсеткенін атап өткен жөн. Студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және жаңа жеңістер тілейміз!
Мұның бәрі Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық-құқықтық бағыты бойынша жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды жүзеге асыратын Қазақстандағы озық университет болып табылатындығын тағы да бір дәлелі болып табылады.