2024 жылдың 29 және 30 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 6-ші Корейтану апталығы Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығының Корея Республикасының Чунан университетімен бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.
Корейтану апталығы аясында корейтану бойынша 14-ші Орталық Азия олимпиадасы, ТМД елдерінің жас корейтанушы- зерттеушілерінің 9-ші конференциясы және шақырылған қонақтардың арнайы дәрістері өткізілді.
Корейтану апталығының іс-шараларына Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің қатысушыларынан басқа Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Сулейман Демирель атындағы университеті, Лингвистикалық колледж, Шет тілдері педагогикалық колледжі сияқты Қазақстанның жоғары оқу орындары мен білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. Корей тілі оқытылатын Алматы қаласындағы оқу орындарынан басқа, іс-шараларға Қазақстанның басқа қалаларының студенттері, соның ішінде Назарбаев Университетінің, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің, Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері қатысты. Корейтану апталығына Орталық Азиядағы Корей институты мен Қырғыз-корей колледжінің (Қырғызстан), Ташкенттегі Пучхон университетінің (Өзбекстан), Баку мемлекеттік университетінің (Әзірбайжан), Ilia мемлекеттік университетінің (Грузия) студенттері қатысты.
29 қарашада өткен 6-ші Корейтану апталығының ашылу салтанатына Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Пак Нэ Чхон мырза, проректор У Су Хан мырза бастаған Корея Республикасының Чунан университетінің делегациясы, Ресейдегі және ТМД-дағы LG Electronics өкілдігінің басшысы Ёнг Нам Ро мырза, ТМД елдеріндегі KF өкілдігінің басшысы Ли Со Мён ханым қатысты. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Жылтырова Ж.Т. өзінің құттықтау сөзінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Басқарма Төрағасы - Ректор С. Құнанбаева атынан 6-ші Корейтану апталығының қатысушылары мен қонақтарын құттықтап, жемісті жұмыс, зерттеу қызметінде табыс және жас зерттеушілердің әлеуетін нығайтуда табыс тіледі. Сондай-ақ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де 6-ші Корейтану апталығын өткізуге қолдау берген барлық ұйымдар мен мекемелерге, яғни Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулдығына, Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы білім беру орталығына, Корея Республикасының Чунан университетіне, Қазақстандағы Оңтүстік Корея компаниялары қауымдастығына, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ корей бөлімінің Түлектер қауымдастығына, Халықаралық корей қоры және Корея Республикасының корейтану академиясына алғысын білдірді.
Ашылу салтанатынан кейін Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Пак Нэ Чхон мырза Кореяның тарихы мен дамуы және корейаралық қатынастар туралы арнайы дәріс оқыды. Сондай-ақ 6-ші Корейтану апталығының қатысушыларының алдында Чунан университетінің проректоры У Су Хан мырза «Корея Республикасының экономикасы және логистикасы» тақырыбында өте қызықты дәріс оқыды.
ТМД елдерінің жас корейтанушы- зерттеушілерінің 9-ші конференциясында корейтануды зерттейтін студенттер корейтануға байланысты тақырыптарда баяндама жасады. Сол күндері корейтану бойынша 14-ші Орталық Азия олимпиадасы өтті. Олимпиада қатысушыларының өнерлерін бағалаған қазылар алқасы құрамы: Ким Хон Хван - Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы білім беру орталығының директоры, Ким Джунг Хун – KOTRA Almaty директоры, Юн Ён Хи - Shinhan Bank Қазақстан бөлімшесінің басшысы, Ли Джэ Вук – Partner Lawyer «BLJ LawFirm».
6-шы Корейтану апталығы жабылу салтанатымен аяқталды. Онда корейтану бойынша 14-ші Орталық Азия олимпиадасы ның жеңімпаздарының есімдері айтылды. Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орын ҚазХҚжӘТУ шығыстану факультетінің 4 курс студенті Жунус Асияға берілді, сонымен қатар Чунан университетінің проректорынан сыйлық ұсынылды. Екінші орынды ҚазХҚжӘТУ шығыстану факультетінің 3 курс студенті Каирбекова Аружан мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 4 курс студенті Дастанкызы Акерке иеленді. 3 орын алған жеңімпаздары Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Жаксылык Фариза, Орталық Азиядағы Корей институтының (Қырғызстан) 3 курс студенті Марланбек кызы Алина, Баку мемлекеттік университетінің (Әзірбайжан) 3 курс студенті Зейналова Нармин болды. Лингвистикалық колледждің студенті Смаил Мархабат Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ корей бөлімінің Түлектер қауымдастығының арнайы жүлдесіне ие болды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша ынталандыру сыйлықтары Назарбаев Университетінің 3 курс студенті Кадиркулова Дильнураға, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 3 курс студенті Саматкызы Аружанға, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4 курс студенті Амангазина Жанботаға, Қырғыз-корей колледжінің (Қырғызстан) 2 курс студенті Джайчибаева Асемге берілді.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ -дағы 6-шы Корейтану апталығы бес елдің 16 университетінен корей тілін үйреніп, корейтану саласында зерттеу жүргізіп жатқан студенттердің басын қосып, барлық қатысушылар шақырылған қонақтардың қызықты танымдық дәрістерді тыңдауға, идеяларымен бөлісуге, өз білімдерін көрсетуге және осындай іс-шараларға қатысу тәжірибесіне ие болуға мүмкіндік алды.