Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 16 қаңтар күні «Жасанды интеллект: игілік пе, әлде қауіп пе?» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты жасанды интеллект технологияларының адам өмірі мен қоғамының әртүрлі аспектілеріне әсерін талқылау, ықтимал тәуекелдер мен пайдаларды анықтау, ЖИ -ні қауіпсіз және тиімді енгізу бойынша ұсыныстарды тұжырымдау болды.
Аталған іс-шарада университетіміздің оқу - әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, Педагогика ғылымдарының докторы, Жоғары аттестаттау комиссиясының доценті Т. А. Кульгилдинова, сондай-ақ п.ғ.д. профессор Д. М. Жусубалиева құттықтау сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелге университетіміздің және Алматы қаласының басқа жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, өз баяндамаларын жасады. Атап айтқанда:
- Сербин Василий Валерьевич Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің техника ғылымдарының кандидаты, автоматика және ақпараттық технологиялар институтының қауымдастырылған профессоры, киберқауіпсіздік, ақпаратты өңдеу және сақтау кафедрасы меңгерушісі (https://satbayev.university ) «Жоғары оқу орындарында жасанды интеллектті қолдану: артықшылығы мен кемшілі» атты баяндамамен;
- Мансурова Мадина Есимхановна Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі, к.ф.м.н., профессор (https://farabi.university ): «Қазақ тіліндегі жасанды интеллект: модельдер әзірлеу мен интерактивті теңшеудің жаңа көкжиектері» атты баяндамамен;
- Колдас Маржан Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Шет тілдін педагогтарын даярлау, 2-ші курс докторанты (https://www.ablaikhan.kz/kz ) «Болашақ аудармашыларды оқытудағы жасанды интеллект мүмкіндігі» атты мақаламен;
- Рахыш Айгерім Ерғалиқызы, Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ, Ақпараттық жүйелер қауіпсіздігі мамандығының 1-курс докторанты (https://farabi.university ): «Жасанды интеллекттің мемлекеттік инфрақұрылымға әсері: мүмкіндіктер мен қауіптер» баяндамамен;
- Лукпанов Арыстан Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Шет тілдін педагогтарын даярлау, 2-ші курс магистрант (https://www.ablaikhan.kz/kz ) «Шетелдік сөздерді үйренуде ЖИ қолдану»;
- Эркан Ташкын «АКТ» кафедра меңгерушісі (https://www.ablaikhan.kz/kz ) «Білім берушілердің жаһандық перспективалары: проблемаларды шешу және білім берудегі ЖИ үшін стратегияларды әзірлеу» атты баяндамамен;
- Асанходжаева Ирсай, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Шет тілдін педагогтарын даярлау, 1-ші курс докторанты (https://www.ablaikhan.kz/kz ) «Лингводидактикалық құзыреттерді дамыту үшін ЖИ қолдану» атты баяндамамен;
- Ескендирова Дамеля Максутовна Халықаралық ақпараттық технологиялар Университетінің Киберқауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры (https://iitu.edu.kz/ru ), техника ғылымдарының кандидаты «Жедел инженерия және оның болашақтағы софт-скилстың маңыздылығы» атты баяндамамен өз пікірлерін бөлісті.
Дөңгелек үстел барысында оқытушылар өзара тиімді тәжірибе алмасу жүргізді. Ғалымдар жасанды интеллекттің қоғамға әсері туралы , сондай -ақ бұл технология – адамзаттың ұлы жетістігі әрі үлкен жауапкершілігі екенін атады. Күнделікті өмірде шексіз мүмкіндікті ашып қана қоймай, алайда, бұл прогрестің екінші қыры – қауіп-қатері бар екенін ұмытпауымыз қажет екенін ескертті.
ЖИ-ді қолдануда этикалық ұстанымдарды сақтау, оны теріс мақсатта пайдалануға жол бермеу және әлеуметтік теңдікті қорғау – біздің басты міндетіміз. Осы бағытта біздің әрбір қадамымызда адамзаттың мүддесін ескеріп, ЖИ-ді ізгілікке бағыттай алсақ, ол біздің жарқын болашағымыздың кепілі болары анық.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірі
Джусубалиева Дина Муфтаховна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (https://www.ablaikhan.kz/kz ):
Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің кафедра меңгерушісі Сербин В.В. жоғары оқу орындарында жасанды интеллект қолдану, оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы өте мазмұнды баяндама жасады. Өз сөзінде ол жасанды интеллект білім сапасын қалай арттыруға көмектесетінін, қандай қауіп-қатерлер мен қиындықтар болуы мүмкін және олардан қалай аулақ болуға болатындығын атап өтті. Ал-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі Фараби Мансурова М.Е.-ның сөзі қызықты болды. Оның баяндамасы қазақ тілінде жасанды интеллект қолдануға, модельдер жасауға және жасанды интеллект мүмкіндіктерін өзара әрекеттесуге арналған. МУИТ киберқауіпсіздік кафедрасының меңгерушісі Искендирова Д.М.-ның "Промпт-инжиниринг және оның болашақтың "Soft skills" рөлі" тақырыбындағы баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды. Біздің докторанттарымыз бен магистранттарымыз да ағылшын тілін үйренуде, аударма ісінде және шет тілдері бойынша құзыреттілікті қалыптастыруда жасанды интеллект қолдану туралы өте мазмұнды баяндамалар жасап, кем қалмады. Дөңгелек үстел барысында қызықты тақырыптар бойынша пікірталастар, пікір алмасу және сұрақтар болды. Дөңгелек үстел өте қызықты өтті және барлық қатысушылар білім берудегі маңызды және заманауи үрдістердің бірі ретінде жасанды интеллект қолдану бойынша тәжірибе алмасу қажеттілігі туралы бір пікірге келді.
Әділжанова Салтанат Әлмухамедқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасының доценті (https://farabi.university ):
Қатысушылар білім берудегі жасанды интеллектінің артықшылықтары мен кемшіліктерін, жасанды интеллект дамуының ықтимал перспективаларын талқылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар білім беруде ЖИ қолдану білім беру ортасы үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті. Дегенмен, ЖИ қолдану этикасы мен қауіпсіздігін есте ұстаған жөн екендігін де атап кетті.
Дөңгелек үстел өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Барлық қатысушылар өздеріне құнды білім мен тәжірибе алды деп сенемін!
Авторлары:
(https://www.ablaikhan.kz/kz )
Ташкын Е, Бердыгулова А.Д., Адильбекова А.К.,Елеусизова Г.С