«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ Жапонияның «Japan international interaction development promotion association» қауымдастығымен әлеуметтік серіктестік туралы келісімге қол қойды.
Келісім аясында 6В02201 – «Шығыстану», 6В02302 – «Шетел филологиясы» БББ студенттері бекітілген/келісілген бағдарламаларға және академиялық күнтізбеге сәйкес жапон компанияларында (Жапония) өндірістік/диплом алдындағы тәжірибеден өтеді. Өндірістік тәжірибені сәтті аяқтаған соң серіктес «Japan international interaction development promotion association» студенттерге тәжірибеден өткендігі жайында сертификат пен ұсыныс хаттар береді.