БҰҰ-ң Алматыдағы кеңсесімен бірлесе ТДМ жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жоба аясында «Гендерлік теңдік мәселелері» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел

Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша 2021 жылдың 1 сәуірінде ХҚФ-де «Гендерлік теңдік мәселелері» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараға БҰҰ-ның Жаһандық коммуникация департаментінің Алматыдағы өкілі - В.Самек, ФМО деканы - Хайруллаева В.Х., Кәсіби. ХҚ Каф. меңгерушісі (жоғары курстар) - Асхат Г., PhD, аға оқытушы Исалиева А., оқытушы Абдразакова Л.Н., модератор - ХҚ магистрі Сағынай Д.А. және «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» мамандықтарының 4 курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында студенттер гендерлік теңдік мәселелері бойынша бейнероликтер ұсынды. Спикерлер сонымен қатар бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын адам құқықтарының теңдігі туралы №5 және №10 ТДМ жүзеге асыру жолдарын қарастырды.

Осы жобаға қатысудың арқасында студенттер әлемді жақсартуға үлес қосудың ерекше мүмкіндігіне ие болды. Осыған орай, В.Самек мырзаға сенім мен қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Печать E-mail

универсиада замена