«Бірыңғай Азия – біртұтас әлем» жобасы аясындағы онлайн дәрістер

Халықаралық қатынастар факультетінде «Eurasia Foundation» Жапондық қоры қаржыландыратын «Бірыңғай Азия – біртұтас әлем» жобасы аясында шетелдік және отандық профессорлармен тұрақты онлайн дәрістер мен кездесулер ұйымдастыру дәстүрге айналды. «Eurasia Foundation» қорының төрағасы, меценат Yoji Sato: «Иә, әлем күрт өзгерді және біз түрлі салалардағы өзгерістерге бейімделуіміз керек.

Біз үшін ең бастысы – біліктілік деңгейі жоғары нағыз кәсіпқойларды қалыптастыру, сондықтан білім беру дегеніміз – іргелі білім алу процесі, қоғамның рухани мәдениетінің маңызды нысандарының бірі, ал оның дамуы – адам өмірінің, қоғамның және бүкіл еуразиялық қоғамдастықтың барлық негізгі салаларын жаңартудың маңызды факторы»,– демекші, 2021 жылдың 2 сәуірінде университетте Халықаралық қатынастар факультеті, Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор, тарих ғылымдарының докторы Шайморданова Зара Жуандыққызының «Population of Asia as geopolitical and geo-economic factors» (Азия халқы геосаяси және геоэкономикалық фактор ретінде) онлайн актілік дәрісі өтті. Ол әлемдік және отандық тарих, демография, сыртқы саясат, халықаралық ынтымақтастық бойынша көптеген жарияланымдар мен кітаптардың авторы. Студенттер демография және өңірдегі көші-қон мәселелері, жаһандық даму мегатрендтері, Еуразияның халықаралық экономикалық проблемаларын шешудегі дипломатияның рөлі туралы екі сағаттық дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Азиядағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне арналған көптен күткен қонақ дәрістерінің бірі 9 сәуірде Корея Республикасының профессорлары Чан Бионг-Сун (Chun Byong-soon) («Trade War between USA and China, and Global Security in Asian Community») «АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы және азиялық қоғамдастықтағы жаһандық қауіпсіздік» тақырыбындағы дәрісі болды. Профессор Чан Бионг-Сунды таныстыра отырып, «Бірыңғай Азия – біртұтас әлем» жобасының жетекшісі, профессор З. С. Айдарбеков, ғалым Чан - университетіміздің үлкен досы, жетекші саясаттанушы, халықаралық Аймақтану және антропология жөніндегі маман, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Eurasia Foundation» қорының профессоры екенін атап өтті.  Ғалым Чан Бионг-Сун дәрісін стіденттерді жігерлендіретін сөздерден бастады: «Бүгінгі таңда университет түлегі қандай қасиеттерге ие болуы керек? Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ түлектерінің алдында Қазақстанда да, халықаралық ұйымдарда да мансаптық өсумен тамаша мүмкіндіктер ашылды. Сіздер Қазақстанның болашағысыздар! Оның одан әрі жандануы мен гүлденуі сізге байланысты. 80 жылдық тарихы бар Университет сізге сапалы білім береді, болашаққа жол табуға көмектеседі! Сізге дұрыс таңдау жасауыңызды тілеймін және есіңізде болсын, сіздің жетістігіңіз сіздің қолыңызда!» – деп басталған дәрісті студенттер аяғына дейін зейін қойып тыңдап, лекторға сұрақтарын қойды.

Дәріс соңында Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор В.Х. Хайруллаева мазмұнды лекциялар үшін ғалымдарға алғысын білдіріп, 16 сәуірде сағат 15.00-де элективті курста «Eurasia Foundation» қорының төрағасы, меценат Yoji Sato сөз сөйлейтінін еске салды.

Конференцияға Zoom платформасында қосылуға болады https://us05web.zoom.us/j/87655905931?pwd=ZGxRRHdxNGx1WG5JVXdUZXV4U05QZz09

Конференция идентификаторы: 876 5590 5931

Кіру коды: 8QyStD

Печать E-mail

универсиада замена