Республикалық дөңгелек үстел «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері»

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы мен факультеті 2021 жылдың 15 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 80 жылдығына арналған ғылыми іс-шаралар циклі аясында және I және II Ғылыми-зерттеу қолданбалы зертханалары: «Халықаралық қатынастар мен аймақтану саласындағы заманауи зерттеулер, геоэкономикалық және геосаяси бәсекелестіктің жаңа әлемдік парадигмасы/ Шығыстану саласындағы салыстырмалы зерттеулер» шеңберінде «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн форматта республикалық дөңгелек үстел өткізді. Оған университеттің жетекші ғалымдары, сондай-ақ Қазақстанның жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары, атап айтқанда, Астана Халықаралық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері қатысты.

Іс-шараның модераторы ретінде "Шығыстану" білім беру бағдарламасының жетекшісі, саяси ғылымдарының кандидаты, доцент Кагазбаева Э.М. болды. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы, саяси ғылымдарының кандидаты, профессор К.Ш.Байсұлтанова құттықтау сөз сөйледі. Семинардың спикерлері философия ғылымдарының докторы, профессор Д.С. Раев және филология ғылымдарының докторы, профессор Т.В. Шевякова болды. Спикерлер "қазіргі гуманитарлық ғылымның өзекті мәселелері" және "Медиатекст жаңа ақпараттық кеңістіктің санаты ретінде" тақырыптарында баяндамалар ұсынды.

Сонымен қатар біздің ЖОО-ның және Қазақстандық серіктес ЖОО-ның магистранттары, докторанттары-жас зерттеушілер (Садыханова И.Б., Бугытаева С. К., Бақтығалиева Х. Б., Караева Д., Мухамедьярова А., Тінейбай Д.) қызықты және өзекті баяндамалар ұсынды. Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары қатысқан пікір алмасу да қызықты әрі пайдалы болды. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы, саяси ғылымдарының кандидаты, профессор К.Ш. Байсұлтанова тақырыптардың кеңдігі мен алуан түрлілігін, дайындықтың жоғары деңгейін, сөз сөйлеушілер мен тыңдаушылардың ынтасын атап өтті.

Печать E-mail

универсиада замена