Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің ХҚФ студенттері Республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлері

26 сәуірде Халықаралық қатынастар кәсіби кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Н. Шұқыжанованың жетекшілігімен "Аймақтану" мамандығының қазақ, орыс және ағылшын бөлімдерінің студенттері 5 университеттің қатысуымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткен Республикалық пәндік олимпиаданың ақтық кезеңіне қатысты.

Командалар арасындағы жарыс үш тапсырмадан тұрды. Біріншісі-командалардың бейнепрезентациясы, екіншісі - "пандемия жағдайында Орталық Азияның даму перспективалары" зерттеу жобасы, үшіншісі-"Kahoot"платформасындағы команда капитандары арасындағы онлайн-викторина.

Олимпиада қорытындысы бойынша  қазақ бөлімінің студенттері (Тұрғынова Әсел, Закиряров Азиз, Сейдазимова Камила)  2-ші орын және орыс бөлімі (Абылайхан Далия, Нұртілеу Аружан, Мұстафина Гүлзада) және ағылшын бөлімінің студенттері (Кенжеболат Әсел, Шаикова Әсел, Бисенғалиева Диана) 3-орын дипломдарымен мараппаталды.

Печать E-mail

универсиада замена