Университеттің 80 жылдығына орай «Халықаралық ғылыми-білім беру интеграциясы: жаңа перспективалар» атты университеттің стратегиялық серіктестерінің Халықаралық форумы

17 қарашада Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 80 жылдығына орай «Халықаралық ғылыми-білім беру интеграциясы: жаңа перспективалар» атты университеттің стратегиялық серіктестерінің Халықаралық форумы өтті.

Университеттің 80 жылдық тарихы адамзат тарихымен салыстырғанда қысқа, бірақ Қазақстан тарихында үлкен екені сөзсіз. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті заманауи оқу-ғылыми кешенге айналу және дамудың ұзақ жолын өтіп, білім беруді интернационалдандыруды дамытуға және Қазақстан өмірінің басқа салаларында зор үлес қосып отырған белгілі.

Халықаралық форумға университеттің құрметті серіктестері, ЖОО-ның президенттері мен ректорлары, Қазақстан Республикасындағы шетел елшіліктерінің өкілдері, қауымдастық бірлестіктері мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Іс-шара оффлайн және онлайн режимінде өтті, соның арқасында алыс шетелдегі серіктес университеттердің өкілдері Форумға қатысып, құттықтауларын айта алды. Форум басында шара қонақтарына университет мерейтойына орай арнайы түсірілген «80 жылдық жол» бейнефильмі көрсетілді.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Құнанбаева Сәлима Сағиқызы сөз сөйледі. Сәлима Сағиқызы өз сөзінде іргесі 1941 жылы қаланып, ұстаздар институтынан әлемге әйгілі Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне дейінгі даңқты жолды басып өткен оқу орнының даму тарихына тоқталды. Ректор университеттің 80 жылдық қызметін оның білім беруді интернационалдандыруды дамытуға қосқан үлесінің бір түрі ретінде атап өтті, бұл көптеген беделді халықаралық марапаттар мен мойындау белгілерімен дәлелденді. Ректор өз сөзінде университеттің Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасындағы көшбасшылық орнын сақтап қалғанын, QS агенттігінің әлемдік университеттер рейтингі бойынша халықаралық үздік университеттер қатарына енгенін, сонымен қатар «Дамушы Еуропа және Орталық Азия» үздік университеттері рейтингінде бірінші жүз университеттің қатарына кіргенін атап өтті. Форум тақырыбы бойынша Сәлима Сағиқызы ғылыми-білім беру интеграциясы және оның қарқындылығы мен ауқымының заманауи талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету процесінде тіл аралық және мемлекетаралық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етудің негізгі құралы ретінде тілдерді білудің жетекші рөлін атап өтті. Ректор сонымен қатар университетте ғылыми-зерттеу қолданбалы білім беру түріндегі біртұтас ғылыми-инновациялық, кәсіптік-білім беру инфрақұрылымын құру арқылы ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің болашағын дамытуды жүзеге асыруды атап өтті. Бұл университет мамандарын даярлаудың барлық үш деңгейінде ғылыми мектептердің, кафедралар мен орталықтардың ғылыми-білім беру, қолданбалы және тиімді қызметін орталықтандырылған басқаруды және жоғары сапалы мониторингті қамтамасыз етуге көмектеседі.

Сөзінің соңында ректор университеттің байлығын атап өтті – 100 мыңнан астам университет түлектері. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ҚазХҚжӘТУ үздік түлектері аккредиттелген шетел елшіліктері мен консулдықтарында 1-2 деңгейлі өкілетті өкілдер корпусын құрады. Сонымен қатар ол еліміздің өмірінің көптеген салаларына уақыт талабына сай лайықты мамандарды даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ түлегі, дипломат, Қазақстан Республикасы Президент Кеңесінің басшысы Оңжанов Нұрлан Баймолданұлы құттықтау сөзін айтып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының құттықтауын оқыды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы ЖОО Ассоциациясының президенті, «Тұран» университетінің ректоры, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Алшанов Рахман Алшанұлы сөз сөйлеп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының құттықтауын оқып берді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы университет ұжымын мерейтойымен құттықтап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың құттықтауын оқыды.

Жылы лебіздерін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы да жолдады.

Бейнеқұттықтауды Ұлттық ғылым академиясының президенті ЖұрыновМ.Ж. жолдады. СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Шоғыбаев Асқар Жәнісұлы құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы М.Б.Тілеубердінің құттықтауын оқып берді. Сондай-ақ БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Қоғамдық ақпарат департаментінің басшысы Властимил Самек құттықтау сөз сөйледі. Бейнеқұттықтауды Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі, Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Буршаков Сатыбалды Ересұлы жолдады; Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рүстемов Нұрбах Тұрарұлы, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Сәрсенбаев Болат Серғазыұлы және жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құспан Айгүл Сайфоллақызы жіберді.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ түлектері әлемнің әртүрлі елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді және бейнеқұттықтау арқылы өздерінің Алма-Матерін мерейтойымен құттықтады.

Құттықтау сөз сөйлеген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров; Франция Республикасының Бас консулы Алексис Шахтахтинский мырза; Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы Марио-Инго Зоос мырза; Корея Республикасының Бас консулы Ким Хён Су мырза; Консул, Ресей Федерациясының Бас консулдығының Россотрудничествосының өкілі, Татьяна Барышникова ханым; Қазақстан Республикасындағы АҚШ Дипломатиялық миссиясының білім және мәдениет жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Чад Кинеар; және Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Цзян Вэй ханым бейне құттықтау жолдады.

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ түлегі Олжас Темірбекұлы Ордабаев құттықтау сөз сөйледі.

Университетке құттықтау сөздерді әйгілі British Council ұйымы директорының орынбасары Ben Gray мен QS Еуразия бойынша аймақтық директоры Сергей Христолюбов білдірді.

Жыл сайын академиялық ұтқырлық аясында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ студенттері арасынан 200-ден астам адам шетел университеттеріне жіберіледі. Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы, Ресей Федерациясы, Франция Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Оңтүстік-Шығыс Азия, Тынық мұхиты-Азия аймағындағы мемлекеттердің, Шығыс Еуропаның бірқатар елдері университеттерімен студенттер алмасу әсіресе қарқынды. Серіктестік университеттердің өкілдері университетті мерейтоймен онлайн түрде құттықтады, соның ішінде: Оңтүстік-Батыс ЧунЦин университетінің (ҚХР) ректоры, профессор Джан Вэйго; профессор, Халықаралық қолданбалы ғылымдар университетінің проректоры SDI Munchen (Германия Федеративтік Республикасы) Саламанка Милар; Жоғары әкімшілік мектебінің, Халықаралық қатынастар және саясаттану жоғары мектебінің профессоры, Сорбонна университетінің доценті, Франция Сенаты жанындағы Азаматтық істер жөніндегі сарапшылық комиссияның мүшесі, Грегори Порте; Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің ректоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ирина Аркадьевна Краева; Түркия, Гази университетінің ректоры, профессор, доктор Мұса Йылдыз; Минск мемлекеттік лингвистикалық университетінің ректоры, профессор Лаптева Наталья Евгеньевна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, PhD докторы Біләлов Дархан Нұрланұлы; Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика ғылымдарының профессоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Сағынтаева Сәуле Саветқызы; Сүлеймен Демирел университетінің ректоры, PhD Давронжон Гаипов.

Университеттің студенттік өмірі туралы қысқаша бейнеролик көрсетіліп, шара қонақтарына шағын экскурсия өткізілді.

Форум соңында серіктес университеттердің бейнеқұттықтаулары мен құттықтау сөздері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың бейнеқұттықтаулары көрсетілді.

Печать E-mail

универсиада замена