«Банктік заңнаманы бұзғаны үшін банктердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында ашық семинар-сабақ

2021 жылдың 17 қарашасында Халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы з.ғ.м., Шоман Элеонора Садуақасқызы Құқықтану мамандығының 2 курс студенттерімен «Банктік заңнаманы бұзғаны үшін банктердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында ашық семинар-сабағын өткізді. Семинарға Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз хатшысы Тасбау Қымбат және Алмалы аудандық сотының маманы Ақашова Айжан шақырылды. Олар Алмалы сотында қаралған банктік құқық бұзушылықтардың нақты жағдайларымен бөлісті, сондай-ақ құқықтық алаңда материалдарды тез және дұрыс пайдалану туралы ситуациялық мысалдар келтірді.

Печать E-mail

универсиада замена