2022 жылы қаңтар айының 14-жұлдызында Алматы қаласында 21-29 жас аралығындағы жас журналистер арасында «Generation Zertteu» үздік зерттеу жобасы Республикалық байқауының екінші кезеңі мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Бірінші кезеңнің барысында іріктелген жобаның 20 қатысушысы өздерінің журналистік жобаларының презентацияларын ұсынды. Арманжан Байтасов, Сағымбай Қозыбаев, Нұржан Мұхамеджанова, Ержан Сүлейменов, Рустам Мақсұтов, Жайнагүл Төлемісова және Ұлбике Шиналиев сынды тәуелсіз қазылар алқасынан жасақталған құрам жобаның 4 жеңімпазын іріктеп алды.
Олар:
- Қапан Маржан – ҚазХҚжӘТУ-дің қоғаммен байланыс мамандығының 4-курс студенті. Ақпараттық-сараптамалық портал "Platon Asia" подкаст сериялары жобасы;
- Кирилл Каргаполов – ҚазХҚжӘТУ-дің журналистика мамандығының 2-курс магистранты, "The Village" газетінің бас редакторы. Еңбек құлдығы туралы репортаж жобасы.
Жоба жеңімпаздарына журналистік зерттеулері үшін 500 мың теңге көлемінде сертификаттар табысталды. Одан бөлек, қоғаммен байланыс мамандығының 4-курс студенттері: Қошқарбай Асылжан, Рахымжанова Меруерт, Батырғалиева Әсел жобаға қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.
Аталмыш байқау қазіргі Қазақстанның өзекті мәселелері бойынша маңызды журналистік зерттеу және талдамалық жобаларды анықтау арқылы Қазақстандағы зерттеу журналистикасы бағытын дамытуға жәрдемдесу, сонымен қатар, жас журналистердің әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді. Жоба жеңімпаздары журналистік зерттеу жүргізіп, нәтижелерін 2022 жылдың 28 ақпанына дейін жариялайды.
Жобаны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, Арманжан Байтасов атындағы медиа мектебінің қолдауымен және «Медиа дамыту қоры» КҚ тапсырысы бойынша «Almaty Nomad» саяхатшылар клубы» ҚБ жүзеге асырады.