2020 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы тәуелсіздік күніне арналған «Назарбаев моделі: стратегиялық ынтымақтастық және жаһандық келісім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияда Елбасының сыртқы саяси бастамалары, Қазақстанның көпвекторлы бейбітсүйгіш саясаты аясында саяси, экономикалық, құқықтық, тарихи, мәдени, социологиялық және басқа мәселелерді талқылау ұсынылады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Қазақстанның көпвекторлы саясаты аясындағы Елбасының сыртқы саяси бастамалары
- Антиядроляқ қозғалыс және Қазақстанның көшбасшылығы
- Түркі ықпалдастығы: тарихи тәжірибе және Қазақстанның бастамалары
- Шиеленіскен халықаралық қатынастар жағдайындағы ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелері
- Еуразиялық экономикалық ықпалдастық: проблемалары және болашағы
- Шекара маңындағы ынтымақтастық және аймақаралық байланыстар: экономика, саясат, адам факторы
- Орталық Азия ықпалдастығы: жаңа мүмкіндіктер
- Жаңа Жібек жолы
- Қазақстан және халықаралық ұйымдар: ынтымақтастық қырлары
- Жаһандық қауіпсіздік аясындағы Қазақстанның бітімгерлік қарқыны
Конференция жұмысына қатысу үшін өтініш пен баяндама мәтінін 2020 жылдың 10 қарашасына дейін келесі электрондық мекенжайға жіберуді өтінеміз: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. Өтініш пен мақала мәтіндері бөлек файл түрінде жіберіледі және баяндамашының фамилиясымен аталуы керек (мысалы: ahmetov_zayavka, ahmetov_doklad).
Мәтінге қойылатын көрсетілген талаптарды сақтауды сұраймыз. Электронды нұсқадағы баяндама мәтінін ресімдеуге қатысты талаптар сақталмаған жағдайда Ұйымдастыру комитеті баяндаманы жариялаудан бас тартады.
- Көлемі 5 - 7 бет.
- Шрифт: қаріп түрі– KZ Times New Roman, кегль – 14, жалаң жоларалық интервал; абзац – 1,25 см, абзац автоматты түрде қойылады.
- Азат жол: жоғарғы және төменгі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм.
- Баяндама атауы – бас әріптермен, туралау – ортасы бойынша.
- Төменірек оң жиек бойынша бір азат жолдан соң: автордың аты-жөні – курсивпен, жартылай қою қаріппен (кез келген автор үшін – алдымен тегі, аралық, одан соң аралық қалдыру арқылы аты-жөні жазылады). Келесі жолда симметриялық түрде оң жиектен курсивпен – қызметін көрсету (лауазымы), мекеме атауы, ғылыми дәрежесі, келесі жолда симметриялық түрде – мемлекет пен қаланы және электрондық мекенжайды көрсету қажет.
- Мәтіндегі сілтемелер тізімдегі дереккөздердің реттік нөмірі және үтір арқылы парақ нөмірі көрсетілген тік бұрышты жақшалармен белгіленеді, мысалы: [4, 89 б.].
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтін соңында жазылады және бос жол арқылы бөлінеді. Тізімдегі дереккөздер дәйексөздердің мәтінде қолданылуына қарай көрсетіледі.
- Тырнақшалар «» белгісімен белгіленеді; көрсетілген даталардағы ғасырлар – рим цифрымен, жыл – араб цифрымен жазылады.
- Әдебиет сілтемелер түрінде көрсетіледі, абзацты аралық арқылы жазуға болмайды.
Конференция тақырыбына сәйкес келмейтін, Антиплагиаттан өтпеген мәтіндер (жаңалықтың 70%-нан аз) жариялануға қабылданбайды.Конференция жұмысының қорытындысы бойынша конференция материалдарының электрондық жинағы шығады (басылым тегін).
Конференцияның үйлестірушілері:
Қайыпова Ботагөз Мұттахиденқызы 8(7172) 69 30 04
Исинова Кунсұлу Серікқызы 8(7172) 69 30 60, +7 701 137 46 79
Карагизова Гүлден Болатқызы 8 (7172) 69 30 65, +7 701 355 13 63
Мусина Назира Қасымжанқызы 8 (7172) 69 30 67, +7 747 171 25 38
Әлеуметтік-ағартушылық және білім беру жобалары қызметі
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Конференцияға қатысуға шақырамыз!