2025 жылғы 10-11 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың XI Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференцияның мақсаты: жас ғалымдардың білімі мен ғылыми зерттеулерінің өзекті мәселелерінің спектрін қорытындылау, тәжірибе алмасу және жаңа идеялар қалыптастыру үшін алаң құру.
Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары ҚазХҚжӘТУ-дің ҚББҒЗ кешендері мен ғылыми-зерттеу инновациялық қолданбалы зертханаларының тақырыптарымен байланысты.
Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:
- Шет тілінде білім беру әдістемесінің өзекті мәселелері.
- Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі лингвистиканың, әдебиеттанудың және аударматанудың өзекті мәселелері.
- Шығыстану мен аймақтанудың өзекті мәселелері. Халықаралық қатынастар тарихы мен сыртқы саясаттың өзекті мәселелері; Жаһандық және аймақтық тұрғыдағы заманауи халықаралық қатынастар.
- Халықаралық ынтымақтастықтың өзекті тенденциялары: экономикалық-құқықтық аспектілері.
- Жаһандану жағдайында туризм және қонақжайлылық индустриясын дамыту теориясы мен практикасының өзекті аспектілері. Жаңа экономикалық және геосаяси жағдайлардағы бұқаралық коммуникация және PR.
- Білім берудегі қазіргі тенденциялар: жасанды интеллект, компьютерлік лингвистика және қашықтықтан оқыту.
Конференцияға қатысу формасы: күндізгі, сырттай.
Өтінімдер мен мақалаларды ұсыну мерзімі – 2025 жылдың 10 сәуір дейін.
Мақала конференцияның жауапты хатшысы - Түсіпова Әлияның электрондық мекенжайына жіберілу қажет: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Тел.+ 8 7272 92 03 84 (ішкі.2418).
Жариялау құны - 3 500 теңге.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Материалдар авторлық басылымда жарияланады және түзетуге жатпайды.
Ұсынылған материалдардың дұрыстығына авторлар жауапты болады.
Конференция қорытындысы бойынша электронды түрде материалдар жинағы құрылады.
Мақаланың өзіндік ерекшелігінің ең төменгі деңгейі – 75%. АНТИПЛАГИАТ БАҒДАРЛАМАДА МАҚАЛАНЫ ТЕКСЕРУ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА БЕРУ МІНДЕТТІ!
Мақалаға автордың (авторлардың) өтінімі қоса беріледі (7 - бет).
Өтінімді, мақала материалдарын, төлем түбіртегі және антиплагиат туралы анықтаманы бір хатпен электрондық пошта мекенжайына жолдауыңызды сұраймыз.