16.08.2024 жылы Абылай хан атындағы ҚазҚХжәнеӘТУ-ғе Алькалы университетінің (Испания) жанындағы Франклин институтының делегациясы келді. Орталықтың директоры, профессор Хосе Антонио қатысушыларды Алькалы университетінің тарихымен және Франклин институтының қызметімен таныстырды. Франклин институтында American Studies аясында ғылыми зерттеулер, жобалар жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Орталық директоры тарапынан ҚазХҚжәнеӘТУ-дің Халықаралық қатынастар кафедрасы профессорларының жұмысы және бірлескен жобаларды іске асыру үлкен қызығушылық тудырады. Өз кезегінде, университет басшылығы атынан, Оқу ісі жөніндегі проректор, профессор А. Т. Чакликова Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Франклин институтымен және жалпы Алькалы университетімен бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруда ғана емес, сонымен қатар профессорлық-оқытушы құрам мен студенттердің академиялық ұтқырлығын, PhD диссертацияларды, бірлескен ғылыми жарияланымдар мен қос диплом бағдарламаларын бірлесіп басқаруды бастауға дайын екендігін білдірді.