2021 жылы 15 сәуірде Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті мен Аударма және филология факульті, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы, аударма және мәдениетаралық коммуникация және шетел филологиясы теориясы кафедралары бірлесіп Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 80 жылдығына арналған ғылыми іс-шаралар циклі шеңберінде «Мәдениетаралық коммуникация және тілдер мен мәдениеттердің функционалдық-прагматикалық зерттелуі» тақырыбында онлайн форматта республикалық Дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге аталмыш университеттің жетекші ғалымдары, докторанттары мен магистранттары, сондай-ақ Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының магистранттары, атап айтқанда, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-сұлтан) мен А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеттерінің (Шымкент) өкілдері қатысты.