2024 жылдың 25 сәуірінде “Қоғаммен байланыс” мамандығының студенттерімен, 24kz_tv және avtoradio.kz теле жүргізушісі Оразов Диас “журналистика мен пиарлың арақатынасы ” атты тақырыбында мастер класс өтті.
2024 жылдың 25 сәуірінде “Қоғаммен байланыс” мамандығының студенттерімен, 24kz_tv және avtoradio.kz теле жүргізушісі Оразов Диас “журналистика мен пиарлың арақатынасы ” атты тақырыбында мастер класс өтті.
Ұлыс Жошының 800 жылдығын мерекелеу аясында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Дала империяларының тарихы: оқиғалар мен тұлғалар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
25.94.2024 Аударма және Шетел филологиясы факультеті, Шетел филологиясы мамандығы студенттерімен белгілі режиссер Азиз Заировтың "Мама, мен тірімін!" әлеуметтік фильмінің ашық кинокөрсетілімі өтті. Бүкіл аудитория қызығушылығы артқан студенттер мен оқытушыларға толы болды. Ал ауада шиеленіс пен оқиғаны күту сезілді.
24 сәуір күні Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Н.Т.Жанақованың басқаруымен Шығыстану факультетінің студенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында өткізіліп жатқан ұлы ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған көрмемен танысты. Көрмеге қойылған ғалым өмірі мен қызметіне байланысты мұрағат, құжат, баспасөз, кітап материалдары туралы кітапхананың қорларды сақтау қызметінің жетекшісі Ф.Бектұрбекова, кітапханашылар Р.Мыспаева, Қ.Алтынбекұлы жан-жақты әңгімелеп, экскурсия жүргізді. Одан кейін студенттер кітапхана музейін, Қытай, Иран, Корея, Ресей, Үндістан мәдени орталықтарын, басқа да салалық залдарды, сонымен бірге белгілі жазушылар Ә.Нұршайықов пен Г.Бельгердің кабинеттерін аралап көрді.
Университет ортасында студенттердің денсаулығына қамқорлық жасау, олардың жалпы әл-ауқаты мен физикалық-психологиялық денсаулығына мән беру маңызды рөл ойнайды. Осы қамқорлықтың бір бөлігі ретінде көптеген оқу орындары Психология және гинекология мамандарымен кездесулер ұйымдастырады, бұл студенттерге өздерінің физикалық және эмоционалдық жағдайларының маңызды аспектілерін талқылауға мүмкіндік береді.
24.04.2024 жылы Астанада «Адал жастар – әділ Қазақстанның тірегі» атты республикалық форум өтті. Форумның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам, адал еңбек, адал табыс» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау. Осы тақырыпта ғылыми жобаларымен Қазақстанның барлық университеттері, соның ішінде біздің Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Менеджмент және халықаралық коммуникация» факультеті «Менеджмент және маркетинг» мамандығы бойынша 2 курс студенті қатысты. Жаукебаева Аяулым Берікқызы үздік ғылыми жобасы үшін 1-дәрежелі дипломмен, «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» төсбелгісімен және статуэткасымен марапатталды», ғылыми жетекшісі аға оқытушы Нурбекова Гулшат Салимовна.
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 11.00-де дөңгелек үстел өткізілді.
Тақырыбы: «БІЛІМ БЕРУДЕГІ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ: СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТРЕНДТЕРІ МЕН ҚАТЕРЛЕРІ».
2024 жылдың 23 сәуірінде «Шеттілдік білім беру әдістемесі» кафедрасы Шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттік белсенділерінің қолдауымен мектеп оқушыларына ағылшын тілінен пәндік олимпиада – кәсіби бағдар беру және имидждік іс-шара өткізді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстар бойынша жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілді:
1 Теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының оқытушылары Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы университетінде өткен Республикалық онлайн байқауға студенттерін дайындады. «Есіңде болсын...» байқауы Қазақстанның белгілі аудармашысы, публицист, әдебиеттанушы және қоғам қайраткері Герольд Карлович Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай өткізілді.
2024 жылдың 18 сәуір күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында офлайн форматта өткен кезекті "SCIENCE, CREATIVE & ART FORUM-2024” атты 4 қалалық студенттер форумында Ғылыми жетекшілері, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі қауымдастырылған профессоры Изтаева Венера Амангельдиевна, Қазақстан тарихы кафедрасының магистранты, аға оқытушы Досжанова Ақмарал Ивановнаның жетекшілігімен 2 курс студенттері:
Аударма және филология факультетінің аударма және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы меңгерушісі Саймкулова Шолпан Оразгелдіқызы АҚШ мемлекеттік департаментінің «Study of the U. S. Institute (SUSI) for Scholars» бағдарламасы бойынша грант иегері атанды. Аталмыш грант негізінде Саймкулова Ш.О. АҚШ-тың Монтана университетінде «Contemporary American Literature» бағыты бойынша 6 апталық тағылымдамадан өтеді және оған әлем бойынша 18 ғана үміткер таңдап алынады. «SUSI for Scholars» бағдарламасы шетелдік ғалымдар мен университет оқытушыларына АҚШ қоғамы, мәдениеті, құндылықтары мен институттары туралы түсініктерін тереңдетуге мүмкіндік бермек.