2024 жылдың 17 сәуірінле Абылай хан атындағы Қаз ХҚжәнеӘТУ-дің "Журналистика" және "PR" білім беру бағдарламалары студенттері Jusan Bank-тің PR директоры Гаухар Керимовамен кездесті.
2024 жылдың 17 сәуірінле Абылай хан атындағы Қаз ХҚжәнеӘТУ-дің "Журналистика" және "PR" білім беру бағдарламалары студенттері Jusan Bank-тің PR директоры Гаухар Керимовамен кездесті.
Студенттердің шет тілінің мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру деңгейін бағалау және олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында 2024 жылдың 15-16 сәуірінде құқық және бизнес факультетінің халықаралық әрекеттестік кәсіби шетел тілі кафедрасының оқытушылары «6В03101 – Халықаралық қатынастар», «6В04202 Халықаралық құқық», «6В04101 Халықаралық бизнес», «6В04201- Құқықтану» ББ бойынша оқитын 1 курс студенттері арасында шет тілінен «Үздік түпнұсқа сценарий» байқауын ұйымдастырып, өткізді, 15-16 сәуір, 2024, Ғылым күніне арналған.
Ablai Khan University қызметкерлері Университет аумағында «Алматы – ортақ үйіміз» акциясын жалғастыруда.💚
🌱Акция мақсаты – қалаға қамқорлық құндылықтарын қалыптастыру және азаматтардың экологиялық мәдениетін дамыту.
Ал біз бұл челленджді жатақханада тұратын студенттерімізге жолдаймыз✨
«ТІЛ. МӘДЕНИЕТ. БАЙЛАНЫС» Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (РФ Челябі қ.) базасында өтті. Өкіл және ғылыми әлемге танымал Форум әртүрлі елдерден бірнеше жүздеген жас ғалымдардың басын қосты.
2024 жылдың 13, 14 сәуірінде Satbaev University-де Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері Қазақстан Республикасының спорттық студенттік шахмат лигасына қатысты. Іс-шара мақсаты спорттық шеберлікті арттыру, тәжірибе алмасу және ССЛ қатысушылары - студент жастар арасында достық қарым-қатынасты дамыту, сонымен қатар университетімізді жарнамалау болды.
Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және тілдер университетінің «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасында 2024 жылдың 03.04. - 13.04. аралығында «Тіл – халықтың мәдениеті мен күш-қуатының көрінісі» атты орыс тілінен олимпиада өткізілді.
Сәуір айының 12-і күні Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ қазақ филологиясы кафедрасы оқытушылары ф.ғ.к., доцент Ж.Қ.Дәркенбаева мен ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ш.А.Нұрмышеваның ұйымдастыруымен Менеджмент және халықаралық коммуникация факультеті 2 курс білімгерлері арасында «Көпшілік алдында сөйлей білесің бе?» тақырыбында спикерлер сайысы болып өтті.
2024 жылдың 11-12 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстан Республикасы ғылым қызметкерлері күніне арналған «Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдар» атты жас ғалымдар мен мамандардың Х Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Құрметті ғылым қызметкерлері, докторанттар, магистранттар жəне студенттер!
Сіздерді төл мерекелеріңіз – Ғылым қызметкерлерінің күнімен шын
жүректен құттықтаймын!
Ғылым экономикалық түрлендірудің қуатты ресурсы, ұлттық байлықтың
маңызды құрастырушысы, техникалық прогресстің қозғаушы күші болып
табылады!
2024 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан тарихы кафедрасы Ablai Khan University студенттері үшін тарихи-құжаттың көрмесі ұйымдастырды. Көрме Ғылым күні мен Қаныш Сәтпаевтың 125 жыл мерейтойына арналды.
Іс-шараның спикерлері Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру қызметі бөлімінің сарапшылары Н.Т.Исаева, Г.Н.Дүйсенова, 1 санатты мұрағатшы Б.Т. Тәжібаева Қ.Сәтбаевтың ғылыми жетістіктері және ғылымның ел дамуы үшін маңызы туралы дәріс оқыды.
2024 жылдың 10 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің "Құқықтану" мамандығының 3 курс студенттері арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының з.ғ. к., аға оқытушы Б. М. Жугралина "Халықаралық шарттар құқығы аясында ҚР қылмыстық заңнамасындағы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт" тақырыбында дәріс өткізді. Дәрісті з.ғ. к., халықаралық құқық кафедрасының доценті Ж. Б. Меерманова ұйымдастырды..