10 ақпан 2016
Бүгін Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нде алғаш рет –Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі – атты ауқымды іс-шара өтті. БҰҰ Моделі – бұл ғылыми конференция және рөлдік ойындар синтезі, оның барысында студенттер осы ұйымның жұмыстарын атқарып, дипломатиялық, лидерлік, ораторлық және тілдік дағдылар мен келісімге келуді үйренеді.