2019 жылдың 3 желтоқсаны күні Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің шығыстану факультетінде паралимпиадалық спортшы Серік Есматовпен мотивациялық кездесу сәтті өткізілді.
2019 жылдың 3 желтоқсаны күні Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің шығыстану факультетінде паралимпиадалық спортшы Серік Есматовпен мотивациялық кездесу сәтті өткізілді.
22 қарашада Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл іс-шараны халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс студенттерімен кәсіби ағылшын тілі кафедрасы ұйымдастырды.
Педагогикалық факультетінің 2 курс студенттері арасында TED talks Friday өтті. Іс-шара студенттерді ағылшын тілінде еркін сөйлеуге, өз идеяларын қысқа да жалынды сөз түрінде жеткізуге итермелеуге бағытталған. Олардың сөз сөйлеуінің негізгі тақырыптары 4 бөлімді қамтыды: экологиялық саналы болу, ұзақ өмір сүрудің кілті: салауатты өмір салты, оқудағы мотивацияны арттыру жолдары, оқудағы қиындықтар.
Қараша айының 2019 жылы Жеңіс Кембаевты еске алу кешіне орай ұйымдастырылған KIMEP Moot Court Competition 2019 бірінші қалалық заңи саласы бойынша жарыс өткізілді.
Әскери кафедраның тәрбиелік және әскери-патриоттық жұмыстардың аясында студенттер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің YouTube-каналында жаңалықтар мен деректі фильмдерді тамашалады.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ университетінде Қазақстанның қасиетті жерлерінің интерактивті картасы, «Ұлы бабалар ізімен» атты жастар саяхаты бағдарламасының және жастардың ішкі туризмін дамыту жобасының тұсаукесері өтті.
2019 жылдың жазында «Almaty Nomad» сакяхатшылар клубы ҰБА-ның «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының қолдауымен Қазақстанда жастардың ішкі туризмін дамыту бойынша жобаны жүзеге асырды. Жоба нәтижесінде «Тұран» телеарнасында жастардың бірқатар телебағдарламалар, 150 объекті көрсетілген Қазақстанның киелі жерлерінің интерактивті картасы, сондай-ақ ғаламтор желісінде түрлі репортаждар шығарылды.
2019 жылдың қараша айының 11-нен бастап Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-де А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «6М021000- Шетел филологиясы» мамандығы бойынша 2 оқу жылының магистранттары Н.И.Буяновский және Ж.М.Муслимованың ғылыми-зерттеу тағылымдамасы басталды.
2019 жылы 19 қарашада Халықаралық қатынастар және аймақтану кафедрасының оқытушысы – А.М.Исалиева өзінің "Саясаттану" пәні аясында халықаралық қатынастар факультеті студенттерімен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өткен "Үшінші мыңжылдықтың жастары: саясат туралы диалог" атты дөңгелек үстелге қатысты.
2019 жылы 18 қарашада БҰҰ-ның Алматы қаласындағы өкілдігінің шақыруы бойынша ХҚФ студенттері Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты.
Студенттер өз баяндамаларымен сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Әр баяндама ақпараттық талдау мәліметтерімен және барлық қатысушыларды қызу пікірталасқа тартумен өтті.
Бұл жолы ХҚФ студенттері және ХҚ мен Аймақтану кафедрасының аға оқытушысы - Жакупов Р. К. "Еркін сөйле" атты конференцияда болды. Оған "Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы" жобасының жеңімпаздары, медиалық тұлғалар, қоғамдық пікір көшбасшылары және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты. Студенттер үшін әр спикердің сөз сөйлеуі өте әсерлі болды, әсіресе шешендік қабілеті жоғары жас белсенділердің бірі - Қуат Амир есте қалды,ол қызықты оқиғаларды айтып, жеке және кәсіби өмірде пайдалы болатын кеңестерімен бөлісті.
Абылай хан атындағы ҚазақХҚжәнеӘТУ мен Алматы қаласындағы БҰҰ-ның Өкілдігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімі аясында, 2019 жылдың 16 қарашасында ХҚФ студенттері (Айидам Туйгунова, Камила Сейдазимова, Аяулым Теміржан) және декан орынбасары А. М. Исалиеваға Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үшін қаржы құралдарын жұмылдыру ТДМ бойынша алғашқы аймақтық саммитке делегат ретінде қатысу мүмкіндігі бұйырды. Саммит Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен Азия Даму Банкі және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының ұйымдастырумен жоғары деңгейде өтті.