2019 ж. 11-17 қараша аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Шығыстану факультетінде 2-ші корейтану апталығы өткізілді. Корейтану апталығы аясында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ корейтану орталығы Коре серіктестік университетінің (Корея Республикасы) қатысуымен қонақ дәрістер, корейтану бойынша 10-шы Орта-Азиялық олимпиада және ТМД жас корейтанушы-ғалымдардың 5-ші конференциясын өткізді.