Қазіргі қоғамда ең өзекті мәселелердің бірі түрлі діни ағымдардың таралуы және жастардың аталған діни ағымдарға еріп кетуі болып отыр. Елімізді дәстүрлі ислам дінімен қатар, салафизм, ваххабизм секілді басқа да ағымдар бар. Аталған діни ағымдағылар радикалды көзқарастарымен ерекшеленеді, кейбірі бабаларымыздың өмір салтын жаңғыртуға, кейінгі діни жаңалықтарды қабылдамауға шақырады. Статистикаға жүгінсек 14 пен 29 жас аралығындағы жастар радикалды діни ағымдар арбауына тез түсіп қалады екен. 2019 жылы 4 сәуірде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жастар арасында теріс діни ағымдардың таралуының алдын-алу шарасы өтті.