Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 25 қаңтар күні ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Жоғары мектебі ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қалиев Байынқол Қалиұлының 80 жылдық мерейтойына орай «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты: Ф.ғ.д., проф. Қалиев Байынқол Қалиұлының тіл біліміне байланысты ғылыми еңбектерін саралай отырып, соның негізінде тіл білімінің мәселелерін талқылау, тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту. Ұлттық сана-сезімі жоғары, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін отаншыл жастарды тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, патриоттық сезімін ояту.